270.00 нысанды декларацияны онлайн-тапсыру eGov.kz және eGov Mobile арқылы қолжетімді

270.00 нысанды декларацияны онлайн-тапсыру eGov.kz және eGov Mobile арқылы қолжетімді

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңіне жататын қазақстандықтар 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсыруы тиіс. Мұны eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режімде жасауға болады. 

Декларацияны мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға міндетті. Есептілік активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясы (250.00-нысан) тапсырылғаннан кейін ұсынылады.

270.00 нысаны кіріс туралы ақпаратты, сондай-ақ шетелдегі мүлік: жылжымайтын мүлік, көліктер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын және шетелдік компаниялардағы үлестер туралы мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама шеңберінде ірі сатып алулар мен шығынстарды жабу көздері туралы мәліметтер көрсетіледі. 

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін пайдаланушыға:

  • порталға авторизацияланып, «Азаматтарға» - «Кеден және салықтар» - «Салық салу» бөліміне өтіу қажет;
  • «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (270.00- нысан)» қызметін таңдаңыз және қажетті деректерді толтырыңыз.
  • мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз.
  • қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;
  • «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен өзіңіздің жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін қарап тексеріңіз. 

Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында пайдалану үшін пайдаланушы:

  • eGov мобильді қосымшасына авторизациялауды жасап, «Қызметтер» бөлімінде «Салық және қаржы» бөліміне өтуі қажет;
  • «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау (00-нысан)» қызметін таңдап, қажетті деректер нысанын толтырыңыз;
  • мемлекеттік кіріс органын көрсетіңіз;
  • қолжетімді қол қою әдістерінің бірі арқылы қызметке қол қойыңыз;
  • «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі жеке кабинетіңіздегі өңдеу мәртебесін тексеріңіз. 

Сондай-ақ, декларацияны kgd.gov.kz порталында және eSalyq Аzamat мобильді қосымшасында «Салық төлеуші кабинеті» арқылы тапсыруға болады. 

Көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Қаржы министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.