Қауіпсіз елорда!
«Заң және Тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен жергілікті полиция және пробация қызметтерімен бірлесіп а.ж. мамырдың 23-нен 28-не дейін сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеру жөнінде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты - сотталғандардың сот жүктеген міндеттерін орындауын бақылауды қамтамасыз ету және рецидивтік қылмыстардың алдын алу.
Мұндай шаралар құқықтық тәртіпті нығайтуға, елордада қауіпсіз орта құруға және сотталғандардың құқықтық сана деңгейін арттыруға бағытталған.
Үш ведомствоның үйлестірілген жұмысы құқық қорғау жүйесінің қылмыстың алдын алудағы тиімді ынтымақтастығын көрсетті.
Сотталғандардың өздері үшін тексеру белгіленген ережелерді сақтаудың маңыздылығын және олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін еске салу болды.
Профилактикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша мобильді топтар тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 11 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, түн уақытта тұрғылықты жерінде болмағаны үшін 46 ескерту жасады және пробация қызметіне хабарламай тұрғылықты жерін өзгерту туралы 19 ескерту шығарды.
Бұл бағыттағы жұмыс күн сайын жүргізіліп, жүйелі негізде жалғасын табуда.
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]