Елорданың мектеп оқушылары жел электр станциясында STEM мамандықтарымен танысты

Елорданың мектеп оқушылары жел электр станциясында STEM мамандықтарымен танысты

Астана, Қазақстан – Еуропалық Одақтың (ЕО) қолдауымен Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінің отыз жоғарғы сынып оқушысы «Астана EXPO-2017» жел электр станциясына (ЖЭС) барды. «STEM4Her» (Қыздар үшін STEM) деп аталған іс-шара «ЕО–Қазақстан: Тұрақты энергетика күндері» аясында өтіп, негізінен қыз балаларға арналды. Ол балалардың таза энергия туралы хабардарлығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар болашақта энергетика мен STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) салаларында жоғары білім алып, мансап құруларына ынталандырды.

Қазақстанда STEM түлектері арасында әйелдердің үлесі 32% болса, энергетика саласында 25% ғана құрайды. Қоғамдық стереотип пен ақпараттың аздығынан жас қыздар бұл салаларда мансап құруға ұмтылмайды. Осыған орай «STEM4Her» шарасының ұйымдастырушылары мектеп оқушыларын саяхат кезінде табысты әйел көшбасшылармен, сондай-ақ мамандармен таныстырды.

Қазақстандағы ЕО Елшісі Алешка Симкич қатысушыларға сәлемдеме сөзінде былай деді: «Бүгінгі ғылым мен технологияға негізделген әлемде STEM бойынша сапалы білім алу –адам өмірінің барлық саласында табысқа жетудің шарты болып отыр. STEM – бұл тек сандар немесе зертханада жұмыс істеуді ғана білдірмейді. Бұл – нақты мәселелерді шешу және өмірді жақсарту мүмкіндігі екенін айтқан жөн. Ол келешекте тамаша мансапқа жол ашуы мүмкін. Жаңартылатын энергия көздері секторына назар аударыңыздар, өйткені  қазіргі таңда қарқынды дамып келеді. Осы тұрғыда қыздар мен жас әйелдерді қолдау ерекше маңызды. Қыздар STEM саласына келгенде әртүрлі идеяның дамуына ықпал ете алады. 2023 жылы мектептеріңізге «Астананың ең энергия тиімді мектебі» мәртебесін бердік. Бұл сіздердің де жетістіктеріңіз. Сіздерді алда көптеген жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Биікке ұмтылып, бізді жетістіктеріңізбен қуанта беріңіздер!»

Іс-шара барысында қатысушылар жетекші мамандармен танысты. Олардың қатарында: Qazaq Green қауымдастығының төрайымы Айнұр Соспанова, SECCA жобасының энергетика саласындағы басқару жөніндегі негізгі сарапшысы Илзе Пурина және ЖЭС басшысы Константин Конюшков.

Станцияға ұйымдастырылған саяхат пен интерактивті сессиялар барысында оқушылар ЖЭС-тің қалай жұмыс істейтінін көріп, электр энергиясы өндірілу процесімен танысты, сондай-ақ таза энергияның климат өзгеруімен күресу, қоршаған орта ластануын төмендету және тұрақты дамудағы рөлі жөнінде де ақпарат алды. Сарапшылар мен станция қызметкерлері STEM пәндерінің энергетикалық жобаларда қалай қолданылатынын көрсетті.

 

Сапарды ЕО қаржыландыратын «Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстар (SECCA)» жобасы Qazaq Green қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Анықтамалық ақпарат:

Еуропалық Одақ – бұл 27 еуропалық елдің экономикалық және саяси бірлестігі. Оның негізінде адамның қадір-қасиетін құрметтеу, бостандық, демократия, теңдік, заңның үстемдігі және адам құқықтарын, оның ішінде азшылыққа жататын адамдардың құқықтарын құрметтеу сияқты құндылықтар жатыр. Ол әркім пайда ала алатындай, қоғамның, қоршаған орта мен экономиканың тұрақты дамуына ықпал ете отырып, жаһандық деңгейде әрекет етеді.

«Еуропалық Одақ – Қазақстан: Тұрақты энергетика күндері» науқаны «Еуропалық Одақ – Орталық Азия: Тұрақты энергетика күндері» атты анағұрлым кең науқанның бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаты – Орталық Азия өңіріндегі ұлттық мүдделі тараптар мен жұртшылықтың тұрақты энергетиканың маңызы, артықшылықтары мен қолжетімділігі, сондай-ақ энергетика мен климаттың өзгеруі арасындағы өзара байланыс туралы хабардар болуын арттыру. Сонымен қатар, науқан Еуропалық комиссия 2007 жылы бастамашылық жасаған Еуропадағы жаңартылатын энергия көздері мен энергияны тиімді пайдалануға арналған жыл сайынғы ең ірі іс-шара – «Еуропалық тұрақты энергетика аптасының (EUSEW)» жаһандық нұсқасы болып табылады.

ЕО қаржыландыратын “Орталық Азиядағы тұрақты энергетикалық байланыстар (SECCA)” жобасы (2022 жылдың наурызынан 2026 жылдың наурызына дейін) ЕО-ның үздік тәжірибелеріне сәйкес Орталық Азия өңірінде тұрақты энергетикалық теңгерімді ілгерілетуге бағытталған. SECCA өңірлік тұрғыда тұрақты энергетикалық жүйеге көшу үшін күшейтілген әрі инклюзивті саяси, нормативтік және институционалдық негізді қамтамасыз етуге ұмтылады. Жоба іс-шаралары энергия тиімділігі (ЭТ) мен жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) туралы халық арасында хабардарлықты арттыруды, сондай-ақ ЭТ мен ЖЭК жобалары үшін инвестициялық ахуалды жақсартуды қамтиды.

«Astana EXPO-2017» жел электр станциясы – қуаттылығы 100 МВт болатын жел электр станциясы, Қазақстанның Ақмола облысында орналасқан. Бұл станция жыл сайын 10 000-нан астам отбасының электр энергиясына деген сұранысын қамтамасыз етеді, жылына 79 000 тоннадан астам дәстүрлі отынды үнемдейді және бу газдардың шығарындыларын жылына 230 000 тоннаға дейін кемейтеді. Бұл көрсеткіш 113 000-нан астам автокөліктің шығаратын газына тең.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.