Спорт жәрмеңкесі: өз бағытыңды таңда
«Заң және тәртіп» қағидасын және «Жас үміт» жобасын іске асыру аясында Астана қ. Сарайшық ауданы прокуратурасы Дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп «Өз бағытыңды таңда!» ұранымен спорт жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларды спортпен шұғылдануға тарту.
Азия чемпиондары Темірлан Мұқатаев, Римма Волосенко және Валентина Хальзова өз жетістіктерімен бөлісіп, қатысушылармен пікір алмасып, оларды спортпен айналысуға ынталандырды.
5–8-сынып оқушылары елордадағы 10 спорт мектебінің жұмысымен танысты. Оқушыларға спорт секциялары туралы 650-ден астам ақпараттық брошюра таратылып, электронды нұсқалары ата-аналар чатына жолданды.
#Заң_мен_Тәртіп
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]