Астанада «БҰҰ-ның 80 жылдығы және Қазақстанның рөлі: мультилатерализмнің болашағы» тақырыбында панельдік пікірталас өтті

Астанада «БҰҰ-ның 80 жылдығы және Қазақстанның рөлі: мультилатерализмнің болашағы» тақырыбында панельдік пікірталас өтті

Астана, 2025 жылғы 26 ақпан – Президенттік орталықта БҰҰ-ның 80 жылдығына арналған панельдік пікірталас өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің м.а. Стивен О'Малли қатысты. Панелистер ретінде Бразилияның Елшісі Марсель Фортуна Биато, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева, Түркияның Елшісі Мұстафа Капуджи және ҚСЗИ Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен сөз сөйледі. Қатысқан қонақтардың арасында дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері болды.

Пікірталас барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойлық жылдығына бағытталған халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және ядролық қарусыздануды, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуды және инклюзивті жаһандық тәртіпті қолдауды қоса алғанда, бітімгершілік бастамаларды ілгерілету жөніндегі елдің күш-жігерін талқылады.

Өз сөзінде А.Рахметуллин БҰҰ-ның жаһандық сын-тегеуріндерді шешудегі стратегиялық рөліне назар аудара отырып, осы тұрғыда Қазақстан халықаралық ынтымақтастыққа белсенді түрде ықпал етуді жалғастырып жатқанын және әлемдік қоғамдастық алдында тұрған проблемаларды шешуде көпполярлы тәсілді қолдайтынын атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын мәлімдегендей, «бұл әмбебап ұйымға балама жоқ». БҰҰ-ның 80 жылдығы – бұл мерейтой ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемдегі мультилатерализмнің рөлін түсінудің маңызды кезеңі. Біз жаһандық сын-қатерлерді бірлескен күш-жігер мен халықаралық ынтымақтастық арқылы ғана тиімді шешуге болатынына сенімдіміз», – деп баяндады қазақстандық дипломат.

Өз тарапынан С.О'Малли: «Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықаралық ынтымақтастық тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралы болып қала береді. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуде көшбасшылықты дәйекті түрде көрсетіп келеді, ал бүгінгі пікірталас болашақтың ортақ көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін», – деп атап өтті.

Бұл іс-шара көпқырлы әлем контекстінде жаһандық қауіпсіздік пен орнықты дамудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Пікірталас аясында қатысушылар жаһанданудың үдемелі қарқынымен және жаңа технологиялардың дамуымен қатар жүретін халықаралық жүйедегі өзгерістерді талқылады. БҰҰ-ның жаңа сын-тегеуріндерге бейімделуі және ұйымның бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті қолдаудағы рөлін одан әрі нығайтудың маңыздылығы де қозғалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

  1. аватар
    Connie 7 июня 2025 00:36

    Amazing posts. Appreciate it!
    casino en ligne France
    You said it very well.!
    casino en ligne
    Really all kinds of great info!
    casino en ligne
    Regards, A good amount of content.
    casino en ligne
    fiable

    Useful information, Many thanks!
    casino en ligne francais
    Great material, Thanks a lot!
    casino en ligne
    Wow a lot of valuable knowledge.
    casino en ligne
    francais

    Thanks! Very good information.
    casino en ligne
    Great info. With thanks!
    casino en ligne
    Wonderful info, Cheers!
    casino en ligne

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.