«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша есептелген қаражатты eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасынан тексеруге болады » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша есептелген қаражатты eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасынан тексеруге болады

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша есептелген қаражатты eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасынан тексеруге болады

Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты тексере алады. Есептелген қаражат туралы мәліметтер 31 қаңтардан бастап қолжетімді болады. Егер деректер қате көрсетілсе немесе жаңартуды қажет етсе, бірнеше қарапайым қадам жасау жеткілікті.

2024 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының барлық балаларына «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы талаптар есептелді. Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражатты бірнеше тәсілмен тексере алады: eGov.kz электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде орналасқан «Цифрлық құжаттар» бөлімінде, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі және kids.enpf.kz. сайты арқылы.  

Егер қосымшада немесе порталда бала туралы деректер жоқ болса немесе қате көрсетілсе, алаңдаудың қажеті жоқ – бұл БЖЗҚ-да нысаналы талаптардың есептелуіне әсер етпейді. Пайдаланушы eGov Mobile қосымшасындағы «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисі арқылы бөлімді жаңартып, қажетті деректерді енгізе алады. Өзгерістерді енгізу 2-5 жұмыс күнін алады.

Жиі қойылатын сұрақтар:

Балалар туралы деректердегі қателерді қалай түзетуге болады?

Егер бала туралы мәліметтер қате көрсетілсе, тиісті цифрлық құжатты ашып, жоғарғы оң жақтағы үш нүктені басу керек. «Қате туралы хабарлау» батырмасын таңдап, «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисіндегі форманы толтыру қажет. Сондай-ақ, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберу керек. Сұрау 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.

Ұлттық қордан есептелген қаражат туралы ақпаратты алу үшін бала туралы деректерді қалай қосуға болады?

Егер қосымшада бала туралы ақпарат жоқ болса, бұл нысаналы талаптардың есептелуіне әсер етпейді. Деректерді қосу үшін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Отбасы» бөлімін таңдау қажет. «Баланы қосу» батырмасын басып, форманы толтырып, туу туралы куәлікті тіркеу керек. Өтінім 2-5 жұмыс күні ішінде қаралады.

eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен балалар туралы мәліметтер жоғалып кетсе, не істеу керек?

Актуалды мәліметтерді алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады. Қосымшада өзекті ақпарат көрсетіледі.

Функционал Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.