Энергетика секторының жартыжылдық қорытындысы: ЖЭК, газдандыру және инфрақұрылымды жаңғырту

Энергетика секторының жартыжылдық қорытындысы: ЖЭК, газдандыру және инфрақұрылымды жаңғырту

Қазақстанның энергетикалық секторы энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын ел экономикасының негізгі салаларының бірі болып саналады. Қазақстан мұнай, газ және көмір сияқты табиғи ресурстардың қомақты қорларына ие бола отырып, оларды пайдалануды оңтайландыруға, заманауи технологияларды енгізуге және энергетика секторының тұрақты дамуына қол жеткізуге ұмтылады.

Соңғы жылдары елімізде энергетикалық инфрақұрылымның жұмыс істеуін жақсартуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған ауқымды реформалар мен жаңғыртулар жүргізілуде. Бұл тұрғыда энергетика секторындағы қазіргі тенденциялар мен өзгерістерді ескеру өте маңызды, өйткені олар экономиканың дамуына және халықтың өміріне айтарлықтай әсер етеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында басым секторда не істелінді – PrimeMinister.kz сайты редакциясының шолуында.

Мұнай мен газ өндіру

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан мұнай мен газ өндірудің айтарлықтай көлемін көрсетіп келеді. Барлығы 44,7 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілді, оның негізгі бөлігі «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролеум Опер. Б.В.» және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» компанияларына тиесілі. Газ өндірісі де 30 млрд текше метрге дейін өсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101%-ға жоғары.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның мұнай саласы тұрақты серпінді көрсетті. Атап айтқанда, «Қарашығанақ Петролеум Опер. Б.В.» (КПО) компаниясы Қарашығанақ кен орнын кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Игеру жоспары шеңберінде сұйық көмірсутектерді өндірудің қазірігі деңгейін жылына 11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған Қарашығанақ-1А және Қарашығанақ-1Б кеңейту жобалары көзделген. Аталған жобалар 2028 жылы аяқталады деп күтілуде.

«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы өндірісті жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік беретін Келешекте кеңейту жобасын (ККЖ)/Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын (ҰЕҚБЖ) іске асыруды жалғастыруда. 2024 жылдың сәуірінде ТШО ҰЕҚБЖ нысандарын пайдалануға кірісті, ал ККЖ іске қосылуы 2025 жылдың маусымына жоспарланған.

Газ саласының дамуы

Газ өндіру көлемі 2013 жылғы 42,3 млрд текше метрден 2023 жылы 59,1 млрд текше метрге дейін ұлғайды. 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша газ өндіру көлемінің өсуі де оң серпінді көрсетіп отыр. 2030 жылға қарай өндіріс көлемі 91 млрд текше метрге дейін өседі деп күтілуде.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда газбен қамту деңгейі 60% құрады, табиғи газға 12 млн адам қол жеткізе алды. 2024 жылға 128 елді мекенді газдандыру жоспарланған, бұл газбен жабдықтау деңгейін 61,8%-ға дейін арттырады. 

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 107 жобаны іске асыруға 89,3 млрд теңге бөлінді. Бұл 232,6 мыңнан астам халқы бар 44 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жыл соңына дейін 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етуге және 1,7 мың км газ құбырларын жаңғыртуға – яғни жаңа құрылысқа қосымша 105,4 млрд теңге бөлінетін болады.

Жылумен жабдықтауды жаңғырту

Энергетика министрлігі жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жұмысын жалғастыруда. Бекітілген кесте шеңберінде 9,3 мың км электр беру желілеріне, 195 қосалқы стансаларға, 1 537 тарату пункттеріне және трансформаторлық қосалқы стансаларға күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 20,8 мың км электр беру желілері мен 422 қосалқы стансаға жөндеу жүргізу көзделген, сондай-ақ 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланып отыр.

Электр энергиясы өндірісі

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 60,169 млрд кВт/с тұтыну кезінде 60,449 млрд кВт/с электр энергиясы өндірілді. Бұл көрсеткіштер еліміздің электр желілік инфрақұрылымының тұрақтылығын көрсетеді.

Баламалы энергия көздерін дамыту

2024 жылдың алғашқы 6 айында жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру көлемі сағатына 3,8 млрд кВт құрады, бұл электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 6,47%-ын құрайды. Елімізде белгіленген қуаты 2,9 мың МВт болатын 148 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Осы жылдың соңына дейін қуаты 196,9 МВт болатын 6 жаңа ЖЭК жобасын пайдалануға беру жоспарлануда.

Электр энергетикасы инфрақұрылымын жаңғырту

Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде электр желілік шаруашылықты реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024-2029 жылдары 300 млрд теңгеге дейінгі жобаларды қаржыландыру жоспарлануда. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде қайтарымды инвестициялардың жылдық лимитін 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделген, бұл қолданыстағы энергетикалық объектілерді жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Энергетика саласын цифрландыру

2024 жылы бірнеше негізгі бастама жүзеге асырылды. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттарына цифрлық мониторинг жүргізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. «Цифрлық генерация картасы» модулі тәжірибелік пайдалануға енгізіліп, жаңартылатын энергия көздері бойынша есептерді қабылдау басталды. «Энергетиканың цифрлық платформасы» шеңберінде энергия өндіруші кәсіпорындардың паспорты мен мемлекеттік органдар мен тұтынушыларға арналған кабинеттерді қоса алғанда, түрлі модульдер әзірленіп, енгізілді. Осы жылға арналған жоспарлар жүйені дамытуды және процестерді одан әрі цифрландыруды қамтиды, бұл энергетика ресурстарын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және мұнай-газ саласы үшін тауарлардың электронды жіктеуіштерін құру жобаларын атап өткен жөн. Жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, жеткізу жоспарын автоматтандыру, мотор майларын таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаларды іске қосу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Заңнамадағы өзгерістер және жаңғырту

2024 жылғы 8 шілдеде Қазақстанда «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды, бұл жылу энергетикасы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызды қадам болды. Аталған заң алғаш рет жылу энергиясын өндіруге, тасымалдауға, сатуға және тұтынуға қатысты нормаларды жүйеледі. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – жылумен жабдықтау жүйелерінің сапалы жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету. Жаңа заң шеңберінде жылу энергетикасы саласының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін реттеу жүйесі жаңғыртылды, жаңа тетіктер енгізіліп, қолданыстағылары күшейтілді. Сондай-ақ мемлекеттік реттеудің мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары айқындалып, саланың даму жағдайын жоспарлау және бағалау тетіктері енгізілді. Бұған жылумен жабдықтау жүйесін құрылымдау, процеске қатысушылардың құқығы мен міндеттерін реттеу, тарифтік реттеу тетіктерін жаңарту және энергия үнемдеуді қолдау кіреді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.