ҚРКФ Бас кеңесі: кәсіподақтар 2024 жылды лайықты еңбек жылы аясында өткізеді

ҚРКФ Бас кеңесі: кәсіподақтар 2024 жылды лайықты еңбек жылы аясында өткізеді

31 қаңтар, сәрсенбіде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының орталық кеңсесінде Бас кеңестің отырысы өтті. Онда 2023 жылы ҚРКФ мен оның мүшелік ұйымдарының Қауіпсіз еңбек жылы аясында өткізілген қызметінің қорытындылары шығарылды.

Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдарының жұмысы туралы есепті баяндамада ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ірі республикалық кәсіподақ бірлестігі қызметінің негізгі нәтижелеріне тоқталды.

ҚРКФ мүшелік ұйымдары Қауіпсіз еңбек жылын өткізу шеңберінде өз қызметін жарақаттану деңгейін, өндірістегі жазатайым оқиғаларды төмендету және қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлердің денсаулығын қорғау жөнінде шаралар қабылдауға бағыттады.

«Біздің қызметіміздің маңызды бағыты жұмысшылардың қауіпсіз еңбекке құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету болып қала береді. Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің ақпараты бойынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың кәсіпорындарында өндірісте 1236 жазатайым оқиға тіркелді, соның салдарынан 1437 адам зардап шекті: оның 250 - і өліммен аяқталды. Жалпы республика бойынша 2023 жылы өндірістік жарақаттанудың шамалы өсуі байқалды (2022 жылмен салыстырғанда 0,3% - ға), 66% - да жазатайым оқиғалар кәсіподақтар жоқ кәсіпорындарда орын алды. Бұл ретте, кәсіподақтар қатысатын кәсіпорындарда 2023 жылы жазатайым оқиғалардың саны 1,4% - ға төмендегенін атап өткен жөн.

Жазатайым оқиғалардың жалпы санының 57% - 7 (700) жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесі белгіленген. Бұл ретте кәсіподақтар жоқ кәсіпорындарда 62%», - деп, федерацияның талдау деректерін келтірді Сатыбалды Дәулеталин.

Оның айтуынша, 2023 жылы «Семей орманы» (Абай облысы), Костенко атындағы және «Қазақстан» (Қарағанды облысында) шахталарында болған қайғылы оқиғалар көптеген салаларға тән проблемалық мәселелердің кең ауқымын қайта ашты.

«Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің бастамасы бойынша өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі Жол карталары бекітілді. Оларды іске асыру 2023 жылы Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласындағы кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардың санын азайтуға ықпал етті. Қостанай облысының тәжірибесі ауызды толтырып айтарлықтай, онда қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтайтын 12 кәсіпорынға Сенім сертификаттары берілді. Павлодар облысында жүйелі негізде жылына 2 рет «Өндірістік жарақаттанусыз бірыңғай күн» акциясы өткізіледі», - деп атап өтті ҚРКФ басшысы.

Кәсіподақтар федерациясының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 13 мыңға жуық өндірістік кеңес жұмыс істейді (2022 жылмен салыстырғанда 3,1% - ға өсті), кәсіпорындарда кәсіподақтардың еңбекті қорғау жөніндегі 18 мыңнан астам техникалық инспекторлар жұмыс істейді. Өткен жылы өңірлерде 406 жаңа өндірістік кеңес құрылды. Айта кету керек, олардың нақты сектордағы үлесі 46% – ды құрады.

Есепті жыл ішінде Кәсіподақтар федерациясы 2030 жылға дейін ҚР-да Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеуге тікелей қатысты. ҚРКФ-нан жобаға 20-дан астам ұсыныс енгізілді, олардың бір бөлігі 2023 жылғы 26 желтоқсанда Үкімет бекіткен тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты.

Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы ҚРКФ мен оның мүше ұйымдары ағымдағы жылы күш-жігерін жұмылдыруы тиіс бірқатар міндеттерді атап өтті.

«Біз бірлескен күш-жігерімізді ҚР-да 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыруға жұмылдырамыз, қауіпсіз еңбек және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда келтірілген зиянды әділ өтеу мәселелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заңнаманы әзірлеуді жалғастырамыз, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек гигиенасы саласындағы ХЕҰ конвенцияларын ратификациялауды ілгерілететін боламыз, мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбек министрлігінің тікелей бағынысына беруді, олардың санын көбейтіп, өкілеттіктерін кеңейтуді және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға қосымша өкілеттіктер мен ынталандыру шараларын беруді талап етуді жалғастырамыз. Кәсіподақтар жазатайым оқиғаларды жасыру фактілеріне жол бермеу бойынша өз қызметін күшейтеді. Кәсіподақтар федерациясы және оның мүшелік ұйымдары «Еңбек адамды өлтірмеуі және мүгедек етпеуі, денсаулығына зиян тигізбеуі керек», «Ешкім күнкөрісін жасап жүріп, жұмыс орнында қаза болмауы керек» және «Біз жұмыс берушінің қызметкердің қауіпсіздігі мен денсаулығы тұрғысында үнемдеуге деген ұмтылысы үшін жұмыс орындарында адамдарды жоғалта алмаймыз» постулаттарға сүйене отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде әрекет етеді» , - деп атап өтті ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Мүшелік ұйымдардың тәжірибесін ескере отырып, Сатыбалды Дәулеталин экономиканың нақты секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін әріптестеріне сала деңгейінде «Өндірістік жарақаттанудың  алдын-алудың бірыңғай күні» іс – шарасын кезеңмен өткізуді -үш айда бір рет ұйымдастыруды ұсынды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин еліміздегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі құралдарының бірі ретінде Үкімет, республикалық қызметкерлер бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы әлеуметтік әріптестікті атады.

Әлеуметтік әріптестік институтының республикалық деңгейдегі уәкілетті органы әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссия (РҮК) болып табылады. Бұл функцияны салалар деңгейінде Салалық үшжақты комиссиялар, өңірлік деңгейде – облыстық комиссиялар жүзеге асырады.

Кәсіподақтар федерациясының мәліметтері бойынша, 2023 жылы РҮК-ның екі отырысы және аймақтық үшжақты комиссиялардың 166 отырысы өткізілді, онда ҚРКФ мүшелік ұйымдарының еңбек қауіпсіздігіне, жалақыға, босатылатын қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға қатысты 67 мәселесі қаралды. ҚРКФ облыс әкімдерімен қатар аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері басшыларының тең төрағалық етуіне қол жеткізді.

Өткен жылы әлеуметтік-әріптестік қатынастардың дамуын қорытындылай келе, Сатыбалды Дәулеталин әріптестерінің назарын әлеуметтік әріптестер арасындағы үшжақты салалық және өңірлік келісімдердің мазмұнына аударды.

«Қызметкерлердің мүдделерін қорғауда ұжымдық шарттарға орталық рөл беріледі. Бүгінгі таңда Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ ұйымдарында 16 мыңнан астам ұжымдық шарттар бар. Біздің кәсіподақтарымыз бар кәсіпорындарда ұжымдық шарттармен қамту 97%-ды құрайды.

Жалпы, республика бойынша қолданыстағы ұжымдық шарттар саны 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 6,8%-ға өсті (154 635-тен 165 924-ке дейін, 11 289-ға өсті). Сонымен қатар, бұл деректерді республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың санымен байланыстыратын болсақ – 314 567, шағын кәсіпкерліктің 48 пайызы ұжымдық шарттық реттеумен қамтылмаған», – деді ҚРКФ төрағасы.

2024 жылы қызметтің басымдықтарын айқындай отырып, Сатыбалды Дәулеталин Федерацияның және оның мүшелік ұйымдарының алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерін атап өтті. Ол өткен жылы Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары 2024-2026 жылдарға арналған Бас келісімнің жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізгенін еске салды.

«Кәсіподақтар федерациясының жобасы негізге алынғанына қарамастан, келіссөздер оңай жүріп жатқан жоқ. Барлық кәсіподақ ұсыныстары құжатта көрсетілмейді деген алаңдаушылық бар. Лайықты еңбекақыны қамтамасыз ету мәселелері кәсіподақтардың жұмысшылардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысының ең басым бағыттары болып қала береді. Кәсіподақтар федерациясы ҚР Үкіметіне еңбекақының ең төменгі мөлшерін дәйекті түрде арттыру; жалақыны міндетті индекстеуді заңнамалық тұрғыдан бекіту қажеттілігі туралы нақты ұсыныстар жолдады; бюджеттік сала қызметкерлеріне ақы төлеу жүйесін жетілдіру; ұжымдық шарттар мен салалық келісімдер негізінде жалақыны реттеу жүйесін дамыту; жалақыны кешіктіргені және төлемегені үшін жазаны қатаңдата отырып, жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау», - деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Өткен жылдың Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдары қызметінің қорытындылары бойынша есепті баяндамасында ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақтардың ел кәсіпорындарындағы еңбек жанжалдарын болдырмаудағы рөліне ерекше назар аударды.

Кәсіподақтар федерациясының мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері 84 еңбек жанжалы тіркелген (2022 ж. – 111, 24,3%-ға төмендеген), оның 31-і кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен болған.

«Айта кететін жайт, ҚРКФ және оның мүшелік ұйымдарының өкілдері кәсіподақтары жоқ 17 кәсіпорынды қамти отырып, 48 еңбек дауларын (57%) шешуге қатысты, бұл тиісінше жалпы еңбек жанжалдарының төмендеуіне әкелді. ҚРКФ өкілдері жүргізген келіссөздердің нәтижесінде ереуілдерге дейін 80 еңбек қақтығысы (95%) болған жоқ. Фактілер кәсіподақтардың бүгінгі күні дауларды құқықтық өріске және келіссөздердің ұйымдастырылған бағытына бағыттай отырып, өз рөлін нақты атқарып жатқандығын көрсетеді» , - деп атап өтті ҚРКФ басшысы.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы ең жанжалды аймақ болып қала береді, онда 46 еңбек жанжалы немесе жалпы санының 55% - ы орын алды. Бұл ретте ҚРКФ кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындардағы жанжал 65% - ға төмендеді.

Өңірлерде 2023 жыл ішінде еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында ҚРКФ кәсіпорындарында және оның мүшелік ұйымдарында 477 еңбек консультациялары, 126 оқыту семинарлары өткізілді. Тек Маңғыстау облысында әлеуметтік серіктестердің қатысуымен 19 оқыту семинары өткізілді, оған 1090 адам қатысты.

Бұдан басқа, Кәсіподақтар федерациясы қызметкерлерді босату қаупі бар проблемалық кәсіпорындар бойынша Еңбек тәуекелдерінің картасын қалыптастырады, ал өңірлерде әлеуметтік шиеленістер мен ықтимал еңбек жанжалдарының алдын алу үшін жұмыс берушілермен де, қызметкерлермен де келіссөздер жүргізу үшін азаматтық ұстанымы бар беделді адамдар пулын қалыптастыру бойынша «Еңбек елшісі» институты енгізіледі. Өткен жылы «Еңбек кеңестері» акциясы кеңінен таралды.

Өткен жылды қорытындылай келе, ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Бас Кеңес мүшелеріне Федерацияның норма шығару қызметі туралы да айтып берді.

2023 жылы ҚРКФ Ведомствоаралық комиссиялар шеңберінде 33 заң жобасын қарауға қатысты.

Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына  Кәсіподақтар федерациясы шешім қабылдау үшін қажетті қызметкер дауыстарының саны 2/3-ден 1/2-ге дейін,еңбек төрелігін құру және шешім қабылдау бойынша мерзімдер 5 жұмыс күніне қысқартылды, саны 50 адамнан аспайтын «бір сағаттық ескерту ереуілін» өткізу құқығы енгізілді.

Сондай-ақ, ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұсынысы бойынша өткен жылы қабылданған Әлеуметтік кодекске еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы мөлшерін 25 АЕК-ке дейін ұлғайту туралы тармақтар енгізілді және платформалық жұмыспен қамту бөлігінде мәселе реттелді.

2023 жылдың 21 желтоқсанында Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау туралы Заңға қол қойылды. 55 жасқа толған адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді (кемінде 84 ай зейнетақы жарналары болған және еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда).

Сатыбалды Дәулеталин соңғы 25 жылда кәсіподақтардың зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың мәселелерін шешу жолдарын іздеп келе жатқанын әріптестеріне еске салды.

«Соңғы онжылдықтарда алғаш рет мұз жарылды. 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлемді енгізу-біздің кәсіподақтарымыздың еңбегі. Бірақ, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Кәсіподақтар федерациясы Еңбек кодексіне «Жерасты жұмыстары» ұғымын енгізу, ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жерасты жұмыстарымен (кеншілермен) айналысатын жұмысшылар үшін зейнеткерлік жасты азайту, сондай-ақ арнайы кәсіптік мемлекеттік төлем мөлшерін 2-ден 10 республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс көрсеткішіне дейін ұлғайту,азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы туралы 69-бапқа жаңа норма енгізу ұсынылды.Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы жоғарыда аталған мәселелерді шешу бойынша Еңбек министрлігімен консультацияларын жалғастырады. Біз еңбек саласындағы заңдар кәсіподақтардың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс екеніне сенімдіміз», - деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Кәсіподақтар федерациясы жанындағы кәсіподақ мүшелеріне тиімді, кәсіби көмек көрсету мақсатында екі жыл бұрын барлық аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінде филиалдарында Заң клиникасы құрылды. Бүгінгі таңда Заң клиникаларының құрылымдарында Татуласу орталықтары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді.

Өткен жылы ҚРКФ Заң клиникаларында 6 007 өтініш қаралды, оның 5 280 - і еңбек қатынастары мәселелері бойынша - 1 847, еңбек шарты – 717, жұмыста қалпына келтіру – 162.

Заң клиникаларының мамандары екі мыңға жуық консультация өткізді, үш мыңға жуық медиативтік келісімге қол қойылды, ал соттарға 53 талап арыз бойынша қызметкердің пайдасына 35 шешім қабылданды, қалғандары соттың қарауында.

«Заң клиникасының жұмысы кәсіподақ мүшелеріне агрессивті әдістер мен ереуілдерден басқа білікті құқықтық көмек, тұрақты қолдау және қауіпсіздік сезімі, кәсіподақ қауымдастығына қатысу қажет екенін көрсетті. Заң клиникалары заманауи бизнес құрылымдарының қағидалары бойынша жұмыс істейтін заманауи сервистік инфрақұрылым ретінде қызмет көрсетуі керек, яғни тәулік бойы, кері байланыспен қашықтан жылдам байланыс, кәсіподақ жұмысына бейімделген заманауи басқару құралдары да қолданылуы керек», - деп атап өтті ҚРКФ төрағасы Бас Кеңес мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің мүшелері мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ҚРКФ жүргізіп жатқан жұмыстар назардан тыс қалмады.

Федерацияның халықаралық аренадағы мақсатты қызметі соңғы төрт жылда халықаралық кәсіподақ қоғамдастығында ҚР Кәсіподақтар федерациясының оң имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ Халықаралық еңбек ұйымымен (ХЕҰ), Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясымен (МКП) және шетелдік кәсіподақ орталықтарымен сындарлы диалог пен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкіндік берді. 

2023 жылдың 12 айында мүшелік ұйымдардың 130-дан астам өкілі кәсіподақ қызметі бойынша 24 халықаралық іс-шараға қатысты. ХЕҰ-мен бірге Федерация Астана мен Шымкентте екі өңірлік конференция өткізді.

«Кәсіподақтар федерациясының белсенді әрекеттерінің нәтижесінде өткен жылы Қазақстан Республикасы ХЕҰ - ның халықаралық конвенцияларын бұзатын елдердің қысқа тізімінен шығарылды, бұл елдің әлемдік аренадағы имиджін едәуір жақсартты және лайықты еңбектің Ұлттық бағдарламасын қабылдау жөніндегі жұмыстың басталуына ықпал етті», - деп атап өтті ҚРКФ басшысы Сатыбалды Дәулеталин. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы қазақстандық кәсіподақтар тарихында тұңғыш рет ҚРКФ төрағасы Бүкілеуропалық аймақтық кеңестің (ХКК БЕАК-і) вице-президенті болып сайланды, сондай-ақ ҚРКФ басшылығы ХКК БЕАК-інің басқарушы органдарының құрамына кірді, бұл еуропалық кәсіподақтар тарапынан бізге деген сенім мен танудың жарқын айғағы болып табылады.

Сонымен қатар, өткен жылы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесіне төрағалық етті.

Кәсіподақтар федерациясының халықаралық қызметіндегі тағы бір маңызды оқиға 2023 жылы бес елдің ұлттық кәсіподақ орталықтарының штаб-пәтері Анкарада орналасқан Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымының құрылуы болды. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы осы Ұйымның Бас хатшысы болып сайланды.

ҚРКФ төрағасының айтуынша, 2024 жылы Кәсіподақтар федерациясы және оның мүшелік ұйымдары Халықаралық еңбек ұйымымен Ұлттық лайықты еңбек бағдарламасын қабылдау, Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесі шеңберінде ұлттық және өңірлік деңгейлерде Жаңа қоғамдық шарттың негізгі қағидаттарының ХЕҰ конвенцияларын ратификациялауды ілгерілету жөніндегі белсенді ынтымақтастық шеңберінде жұмысты жалғастырады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы және оның мүшелік ұйымдары кәсіподақтардың барлық мүшелері үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерге қатысты кәсіподақ идеологиясының маңызды аспектілеріне негізделген әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын алға тартады. ҚРКФ-да мұндай бағыттар аз.  

Кәсіподақ ынтымақтастығын нығайту аясында 2023 жылы «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акция жалғасын тапты. Онлайн режимде Федерацияның, салалық кәсіподақтардың және аумақтық бірлестіктердің жетекшілері 30 мыңнан астам кәсіподақ мүшелері қатысқан 800-ден астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралады.

«Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті кәсіподақ мүшелерімен кері байланыс орнату көз қырын салуға, дұрыс шаралар әзірлеуге және оларды шешу үшін, оның ішінде заңнамалық актілерге практикалық ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді», - деді Сатыбалды Дәулеталин ҚРКФ қызметінің негізгі қорытындыларын айта келе. 

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы 2023 жылы еліміздің 10 өңіріне барып, әлеуметтік серіктестермен, шетелдік кәсіптік орталықтар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен және сарапшыларымен, мүшелік ұйымдардың, бастауыш ұйымдардың және еңбек ұжымдарының басшыларымен 300-ге жуық жұмыс кездесулерін өткізді.

2023 жылы федерация мен аумақтық бірлестіктер 47 мыңға жуық кәсіподақ мүшелерін қамтитын түрлі форматтағы 721 оқыту семинарын өткізді. «Білім беру марафоны», Кәсіподақ көшбасшысы мектебі, «Кәсіподақ десанты» және «Құқықтық жалпыға бірдей оқыту» оқыту жобалары ағымдағы жылы да жалғасатын болады.

Кәсіподақ идеологиясының бір бөлігі гендерлік саясат болып табылады. ҚРКФ мәліметтері бойынша, Кәсіподақтардағы әйелдер саны айтарлықтай бөлігін құрайды - 54 пайыз.

Өткен жылы Федерацияның Бас кеңесі жұмыс орындарында зорлық-зомбылықтан бас тарту атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ зорлық-зомбылық немесе кемсітушілік сипаттағы ықтимал әрекеттердің алдын алуға бағытталған «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік" тұжырымдамасын бекітті.

ҚРКФ төрағасының айтуынша, Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік-еңбек мәселелерін, сондай-ақ еңбек құқықтарын білу деңгейін зерделеу мақсатында 2024 жылы жұмыс істейтін әйелдер арасында социологиялық зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр.

«Зерттеу нәтижелері ағымдағы жылдың сәуір айында Жұмыс істейтін әйелдердің республикалық форумында таныстырылады. Бұл Форум әйелдердің еңбек құқықтарын сақтаумен, олардың кәсіподақтардағы рөлімен байланысты өзекті мәселелерді талқылауға, Қазақстанда еңбекші әйелдердің құқықтарын қорғау мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеуге арналған алаңға айналады», - деп мәлімдеді Сатыбалды Дәулеталин.

Кәсіподақ идеологиясының басым құрамдас бөліктерінің бірі ҚРКФ басшысы кәсіподақтардың жастар саясатын атады. Бүгінде жастардың кәсіподақтардағы өкілдігі 25%-ды құрайды. Әр өңірде «Келешек» жастар кеңесі жұмыс істейді. Өткен жылы кәсіподақтардың жас мүшелерінің қатысуымен өткен іс-шараларға 8 мың жас қазақстандық қатысты.

Жас ұрпақтың мүдделерін ілгерілету мақсатында өткен жылы Жастар кеңесі «Жастар» ғылыми-зерттеу жастар орталығы және Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша меморандумға қол қойды.

«Келешек» жастар кеңесінің еріктілері үлкен жұмыс атқаруда. «Кәсіподақ көмектеседі», «Мектепке жол», «Игі істер марафоны» акциялары бойынша демеушілерді тарта отырып, 33 млн.теңгеден астам көлемінде үш мың отбасына материалдық қолдау көрсетілді.

Жастар кеңесі биыл кәсіподақ жастары үшін «Қысқы лагерь» өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар «Көшбасшылар шеруі» конкурсы өткізу жоспарланып отыр.

Кәсіподақ идеологиясын ілгерілету Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүшелік ұйымдарының белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары болып табылады.

Есепті кезеңде кәсіподақтар Федерациясы және мүшелік ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдарында 7 мыңға жуық жарияланымдар мен баяндамалар, әлеуметтік желілерде 38 мың жарияланымдар және Федерацияның Youtube-арнасында 329 бейнематериалдар шығаруды қамтамасыз етті.

Кәсіподақтар Федерациясы мен оның мүшелік ұйымдарының қызметін қорытындылай келе, Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ қауымдастығының алдында тұрған бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі.

«Қазіргі заманғы сын-қатерлер біздің алдымызға мынадай талаптар қояды: кәсіподақтың барлық мүшелері үшін жалақы мен әлеуметтік кепілдіктердің нақты өсуіне қол жеткізу; заң шығарушы билік органдары қабылдайтын актілерге белсенді ықпал ету; қызметкерлердің мүддесі үшін тиімді әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ету; саналы кәсіподақ мүшелігіне сүйену; басшылар мен мамандардың жоғары кәсіби кадрларына ие болу; мықты қаржылық базаға ие болу. Ағымдағы жылы біз әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, Қазақстанда лайықты еңбек стандарттарын белсенді түрде ілгерілетуіміз керек, мысалы, еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарды іске асыру мақсатында елдегі әлеуметтік әріптестікті нығайту; лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту; еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғауды жақсарту сияқты негізгі бағыттарға баса назар аударуымыз керек. Осыған байланысты биылғы жылды Лайықты еңбек жылы деп жариялауды ұсынамын», - деді Кәсіподақтар федерациясының төрағасы.

Алдағы кезеңге арналған кәсіподақтардың алдында тұрған негізгі міндеттердің қатарында Сатыбалды Дәулеталин ХЕҰ-мен бірлесіп Лайықты еңбектің ұлттық бағдарламасын қабылдауды атап өтті.

«Бұдан басқа, биылғы жылы 2024-2026 жылдарға арналған жаңа Бас келісімге қол қойылғаннан кейін оның негізінде салалық, өңірлік келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасуды қамтамасыз ету қажет. Кәсіподақтар өз тарапынан 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбектің жаңа тұжырымдамасын іске асыруды қамтамасыз етуі, сондай - ақ мәжілісте «Еңбек» депутаттық тобын құруды ілгерілетуге, еңбекшілердің мүдделерін қолдау мақсатында заңнамаға қосымша өзгерістер енгізуге күш салуы тиіс", - деп өз сөзін қорытындылады ҚРКФ төрағасы. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиаорталығы

          

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив