Қазақстанда есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді
Қазақстанда бақылауға жататын есірткі және психотроптық препараттардың тізімі кеңейтілді. Тізімге 8 жаңа позиция қосылды. Үкіметпен психоактивті заттардың 8 атауымен бір прекурсорды және олардың қылмыстық мөлшерін айқындай отырып, мемлекеттік бақылауға енгізу жөнінде кезекті қаулы қабылданды.
Бұл Пара-флюорофентанил, Брорфин, Метонитазен есірткі заттары: 3-метоксифенциклидин, Эвтилон, Клоназолам, Диклазепам, Флубромазолам психотроптық заттар және 4-метилпропиофенон есірткі өндірісінде қолданылатын Прекурсор.
– Аталған заттар Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен Еуразиялық экономикалық одақта бақылауға жататын есірткілер тізбесіне енгізілген. Бұл олардың бақылаудағы заттардың ұлттық тізіміне енуіне негіз болды, – деп бөлісті ІІМ-де.
Ведомство атап өткендей, 2019 жылы Үкіметке есірткі тізімін бекіту құзыреті берілгеннен бастап, тізім 154 жаңа психоактивті заттармен толықтырылды, оның ішінде 125 есірткі және психотроптық заттар және 29 прекурсорлар.
Қазіргі уақытта есірткіні тізімге енгізу процедурасы шамамен бір айға созылады. Бұл үшін заттар Еуразиялық одақ елдерінің тізбелерінде немесе БҰҰ-ның есірткіні бақылау жөніндегі Халықаралық Комитетінің ұсынымда болуы жеткілікті.
Айта кетейік, Қазақстанда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 700-ге жуық белгілі есірткі түрі бақыланады.
[xfvalue_img]