Дүниежүзілік аллергологтар күні: неліктен бұл мамандық барған сайын өзекті болып отыр

Дүниежүзілік аллергологтар күні: неліктен бұл мамандық барған сайын өзекті болып отыр

16 қазанда бүкіл әлемде аллергологтар күні аталып өтіледі. Бұл мамандық барған сайын өзекті бола түсуде, өйткені бүгінде аллергия жаһандық медициналық-әлеуметтік проблема болып табылады: ДДСҰ деректері бойынша аллергиялық ринит әлем халқының 10 пайыздан 30 пайызға дейінгі мөлшерінде кездеседі, қоршаған ортадағы бөгдетекті ақуыздарға антиденелер халықтың шамамен 40 %-ында бар [1]. Бұл ретте проблема мен оның алдын алу шаралары жайындағы хабардарлықтың артып отырғанына қарамастан, әртүрлі аллергиялық реакциялар барған сайын көп адамдарда пайда болуда: аллергиялық аурулардың жыл сайын орта есеппен 15–20 %-ға өсіп отырғаны байқалады [2].

Аллергия – бұл созылмалы ауру, ол иммундық жүйенің шаң, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер, жүн және т.б. сияқты әдетте еш қауіп төндірмейтін заттарға күшті реакциясының нәтижесінде туындайды. [3]. 

Куаныш Оспанов

Рецептісіз босатылатын препараттар мен денсаулыққа арналған тауарлар бизнес бөлімшесінің Орталық Азия бойынша бас менеджері

Аллергиялық аурулардың негізінде әртүрлі типтегі реакциялар жатады, ал аллергендердің ағзаға қалай әсер ететінін білу дұрыс емдеу тәсілін таңдауға көмектеседі. Бұл орайда уақытылы әрі дұрыс диагностика жасау пациенттердің жағдайын жақсартып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық ортаға жағымды әсерін тигізеді. Мәселен, Еуропалық одақ елдерінде, аллергияның салдарынан қызметкерлердің жұмысқа шықпай қалуынан және еңбек өнімділігінің төмендеуінен болған жыл сайынғы жалпы шығындар 55 миллиардтан 151 миллиард евроға дейінгі соманы құрайды. Және бұл аллергиялық ауруларды жете бақылай алмаудың салдары. Осы себепті Санофи компаниясы өз пациенттеріне тиімді әрі қауіпсіз препараттарды ұсынып қана қоймай, халықпен және кәсіби қоғамдастықпен аллергиямен күресудің маңыздылығы туралы диалог жүргізуді де ерекше маңызды деп санайды.

 

Жыл сайын Санофи компаниясы аллергиялық аурулар проблемасына арналған ғылыми-практикалық конференцияларға, конгресстер мен форумдарға қатысып, оларға демеуші болып келеді, дәрігерлер мен фармацевтерге арналған вебинарларға бастамашы болады, сондай-ақ аллергиялық ауруларды уақытылы диагностикалау мен емдеудің маңыздылығын өзектілендіру мақсатында, емханалар мен дәріханаларда дөңгелек үстелдерді өткізеді. 2022 жылы компания фармацевтердің аллергияның симптомдары мен түрлері, сондай-ақ онымен күресу тәсілдері туралы білім деңгейін арттыруға арналған 50-ге жуық білім беру іс-шараларын өткізді.

Ең көп таралған аллергиялық аурулардың бірі ринит болып табылады – одан халықтың  10–15 %-ы зардап шегеді, атопиялық дерматитке әлем халқының 10 %-ы шалдыққан, аллергиялық астма халықтың 5–10 %-ында кездессе, тамаққа аллергия адамдардың 2 %-ында көрініс табады [4]. 

Ғылыми зерттеу деректері бойынша, Қазақстанда аллергиялық ринитке 15–20 % қала тұрғындары және шамамен 10–15 % ауыл тұрғындары шалдыққан, ал тыныс алу органдары ауруларымен (созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, астма және басқалар) ауыратындар арасында астманың үлесі  40 %-дан кем емес [5].

Уақытылы анықтамау және емді кейінге қалдыру ауыр салдарларға және аурудың созылмалы түрге өтіп кетуіне апарып соқтыруы мүмкін. Аллергия симптомдарын азайтудың ең тиімді тәсілдерінің бірі — гистаминге қарсы препараттарды қабылдау. Олар гистаминнің ағзадағы әрекеттерін және аллергияның симптомдарын бұғаттайды және аллергенге жолықпай тұрып қабылдаса, реакцияны тоқтатуға көмектеседі. Егер мұндай препараттарды аллергенге жолыққаннан кейін қабылдаса, олар симптомдардың ауырлығын төмендете алады. Ауыз арқылы қабылданатын антигистаминді препараттарды және интраназальды кортикостероидтарды (спрейлерді қосқанда) қолдану аллергиялық риниттің барынша кең таралған симптомдарын қауіпсіз әрі тиімді емдеу тәсілі болып табылады [6].

Аллергияның симптомдары көп жағдайда басқа аурулардың көріністеріне ұқсас келеді, сондықтан, емді дұрыс жүргізу үшін, дәлме-дәл диагностика қажет. Диагнозды дұрыс қою үшін күз-қыс маусымы өте қолайлы болып саналады, өйткені ауада өсімдік тозаңдарының болмауы нақты қандай аллергендердің реакция тудыратынын және толыққанды өмір сүруге кедергі келтіретінін дәлме-дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Санофи туралы

Біз – денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп келе жатқан және бір ғана мақсатта алға жылжып келе жатқан жаһандық инновациялық компания болып табыламыз: біз адамдардың өмірін жақсарту үшін ғылым ғажайыптарын ұғынуға тырысамыз. Әлемнің 100-ге жуық елінде еңбек ететін біздің қызметкерлеріміз әдеттегі медициналық практиканы жетілдірумен айналысады, оның барысында мүмкін емес нәрсе мүмкін болады. Біз дүние жүзіндегі миллиондаған адамдарды қорғау үшін, емдеудің инновациялық нұсқалары мен өмірлік маңызы бар вакциналарды әзірлейміз. Бұл орайда біздің қызметіміз тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаларына құрылады.

Sanofi is listed on EURONEXT: SAN and NASDAQ: SNY

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.