Сүйек кемігі ауруы бар адамға донор болу – қауіпті емес

Сүйек кемігі ауруы бар адамға донор болу – қауіпті емес

Мамандардың айтуынша, кейбір жағдайларда сүйек кемігінің бағаналы жасушаларын трансплантациялау – лейкемия, лимфа жүйесінің зақымдануы, нейробластома, сондай-ақ апластикалық анемия және бірқатар тұқым қуалайтын қан ақаулары сияқты онкогематологиялық аурулармен ауыратын науқастарды құтқарудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады.

          Сүйек кемігі ағзадағы жаңа қан жасушаларының пайда болуына жауап береді. Онда гемопоэтикалық дің жасушалары пайда болады және оларды гемопоэтикалық деп атайды. Кейіннен ішінде эритроциттер, тромбоциттер, лимфоциттер және қанның басқа компоненттері қалыптасады. Бұл – адам өліміне әкелуі мүмкін. Сондықтан да  сау сүйек кемігін трансплантациялау қажет.

           Қазақстанда жыл сайын 300-ге жуық адамның сүйек кемігі дің жасушаларын трансплантациялауды қажет етеді. Сонымен қатар, донорлар тапшылығы да байқалады. Өйткені, трансплантацияны қажет ететін аурулар халықтың әртүрлі санаттарында: жас балаларда, жасөспірімдерде және еңбекке қабілетті азаматтарда кездеседі. Мұндай мәселесі бар науқастардың кейбірі дәрі-дәрмектермен отасыз ұзақ өмір сүруге мүмкіндік алады.

           Негізінде сүйек кемігінің донорын табудың өзіндік қиыншылықтары бар. Ең бірінші – сау адамды табу қиын. Сүйек кемігінің доноры HLA фенотипіне сәйкес ізделеді. Көп жағдайларда тіпті туыстарының өзі 25% -ы ғана сәйкес келеді. Донор науқаспен максималды түрде үйлесімділік табуы қажет. Иммундық жүйенің жасушаларды тануына жауапты гендер бірдей немесе ұқсас хболуы тиіс.

        Екіншіден, әлеуетті сүйек кемігі донорларының тізілімінде өмір бойы тіркелімде тұрып, ешкімге сәйкес келмеуі де мүмкін. Статистикаға сәйкес, донор мен емделушінің  үйлесімділігі 1:10 000, науқаста сирек кездесетін HLA-фенотипі болған уақытта 1:1 000 000 құрайды. Сондықтан да донорлардың санының көп болуы да өте маңызды.

          18 бен 45 жас аралығындағы В және С гепатиті, туберкулез, безгек, онкологиялық аурулармен ауырмаған, АИТВ жұқтырмаған азаматтар – сүйек кемігінің доноры бола алады.

            Ең бастысы - сіз тізіліммен жұмыс істейтін қалаңыздың қан орталығына хабарласып, тиісті форманы толтырып, донорлықтың барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі сипаттайтын келісімге қол қоюыңыз қажет. Тізілімге кіру үшін  HLA фенотипін анықтайды және 6-9 мл қан тапсыртады. Бұл –донор мен реципиенттің үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сүйек кемігіне донор болу – қауіпті емес. Іс жүзінде тұрақты қан тапсырумен бірдей. Жанама әсерлері жоқ, донорлық материалдың көлемі 7-10 күн ішінде қалпына келеді.

        Сүйек кемігінің дің жасушаларын жинаудың 2 әдісі бар. Әдістердің бірі- миелоэксфузия болып табылады. Сүйек кемігін донордың жамбас сүйектерінен операциялық бөлмеде жалпы анестезиямен жинайды. Көп адамдар сүйек кемігі омыртқадан алынады және жұлынға тиеді деп ойлайды, Алайда, бұл - қате түсінік.

         Дің жасушаларын жинаудың тағы бір тәсілі - арнайы құрылғының көмегімен перифериялық қанды шынтақ венадан алу, ол арқылы донордың барлық қаны өтеді, қажетті жасушалар бөлек стерильді ыдыста таңдалады, ал қанның қалған бөлігі донорға қайтарылады. Донор үшін дің жасушаларын жинаудың бұл процедурасы қауіпсіз және жалпы анестезияны қажет етпейді. Процедураның ұзақтығы - 4 сағат.

         Дің жасушаларын жинамас бұрын, донорды дәрігерлер толығымен тексереді, егер оның денсаулығына зияны тиетінін жағдайлар орын алса, онда олар жай ғана процедурадан шығарылады. Донор дің жасушаларын жинау әдісін таңдауға құқылы.

         Егер сіз кез келген кезеңде сүйек кемігін беру туралы ойыңызды өзгертсеңіз, сіз жауапқа тартылмайсыз, жәй ғана дәрігерлер әлеуетті донорлар тізілімінен алып тастайды және сізбен жұмыс істемейді.

          Бірақ дертке шалдыққан адамға донор бар деп айтылып, ал донор ешқандай  себепсіз бас тартақан жағдайда науқастың  сауығып кетуіне деген мүмкіндігі жоғалатынын естен шығармаңыз.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.