«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны қалай алуға болатынын түсіндірді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға қажетті әлеуметтік жәрдемақыларды қалай рәсімдеу керегі туралы сұрақ-жауапты жалғастырады. Күн сайын Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына бала тууы бойынша жәрдемақыны қалай ресімдеу туралы және оған қандай құжаттар қажет екені жайлы көп сұрақ келіп түседі.
Клиенттерге ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ресми Telegram, Instagram, Faceboоk әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайтында зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялауды жалғастырады.
Бұған дейін біз Қазақстанда әлеуметтік төлемдер бойынша ең танымал сұраулардың бірі деп есептелген жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды ресімдеу туралы материал дайындаған болатынбыз. Осы мәселе бойынша консультациялардың үлесі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша барлық өтініштің шамамен 20 пайызына шақ келді.
Еске салайық, Байланыс орталығы мынадай бағыттар бойынша кеңес береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу және басқа да мәселелер.
Күн сайын байланыс орталығының 60 операторы клиенттердің 3-тен 5 мыңға дейінгі өтінішін қабылдап, қызмет көрсетеді.
[xfvalue_img]