Хакерлер мен алаяқтардың әрекеттерін eGov mobile қосымшасы арқылы бақылауға болады

Хакерлер мен алаяқтардың әрекеттерін eGov mobile қосымшасы арқылы бақылауға болады

Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам ақпараттық жүйелер, оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелері хакерлік шабуылдарға ұшырайды. Енді қандай деректер хакерлер мен алаяқтардың қолында екеніндігі жайлы eGov Mobile мобильдік қосымшасының көмегімен қадағалауға болады.

Қазіргі уақытта ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, «Зерде» Холдингі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, еліміздің азаматтарына eGov mobile қосымшасы арқылы хакерлер мен алаяқтардың қолындағы деректер туралы хабарлау бастамасы пысықталып жатыр.

EGov mobile мобильдік қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне сайттарда оның жеке деректерін заңсыз жинау және жария ету фактілері анықталған кезде хабарлама келетін болады. Іске қосу 2022 жылдың соңына жарияланып отыр.

«Барлық азаматтар хакерлік топтар, алаяқтар немесе бәсекелестердің жеке деректерді қандай оймен қолданатынын біле  бермейді. Біздің мақсатымыз – пайдаланушыларды ықтимал жағымсыз салдардан барынша қауіпсіздендіру және қойылған міндетті бірлесіп шешу үшін eGov mobile қосымшасы арқылы олардың құпия сөздері мен деректерінің жария етілуі туралы хабарлар ету және ескеру», - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өтті.

Айта кету керек, 2021 жылы «ҰАТ» АҚ қызметтер мен қоcымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасы Bug Bounty-ға қосылды. Bug Bounty киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз зерттеушілермен ұшу қорытындысы бойынша 10-нан астам елден 50-ге жуық Электрондық үкіметтің (eGov.kz порталы)  осалдылығы анықталды және олар «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлерімен жойылды.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қоғаммен байланыс басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.