Борышкерлермен салық берешегі бойынша жұмыс жасалған меморандум аясында жандандырылады.
Бүгін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер, Полиция, Әділет департаменттері мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында жасалған төртжақты меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимылдар жүргізу, оның ішінде полиция қызметкерлерінің «Автоураган» жүйесі арқылы нөмірлік белгілерді тану жүйесінің кешендерін қолдану арқылы рейдтік іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.
Бүгінге мемлекеттік кірістер органдары борышкерлер - жеке тұлғаларға қатысты 108,0 млн теңгеден астам сомаға 2000-нан астам салықтық бұйрықтарды ЖСО өндірісіне берді.
Қостанай облысы бойынша МКД басшысы Сеилжан Ахметов «Мемлекет кірісіне жеке тұлғалрдың салық берешегін өндіріп алу мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қол қойылған меморандум бірлескен пәрменді шешімдер қабылдауға және өзара байланысты мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді» - деп атап өтті.
[xfvalue_img]
30 пікір