Жеңілдетілген автонесиелеу шарттары анықталды – ҚР ИИДМ
Бағдарлама 2022 жылдың сәуір айының соңында іске қосылады.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеуде.
Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:
- сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
- несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
- қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
- бастапқы жарна: 0 % бастап;
- көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.
Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.
Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.
Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.
[xfvalue_img]
7 пікір