Ербол Қарашөкеев Үкімет мүшелеріне Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады

Ербол Қарашөкеев Үкімет мүшелеріне Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады

2022 жылғы 18 наурызда ҚР Үкіметінің отырысы өтті, онда Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Жолдауын іске асыру тетіктері талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет мүшелерін Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Министр егін егуге дайындық барысы туралы айтып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым мен тыңайтқыш қорларының дайындығын қайта тексеру басталғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта техниканың дайындығы 95% құрайды, 400 мың тонна дизель отыны бөлініп, оны өңірлерге жөнелту басталды. 2,3 млн.тонна тұқым немесе жоспардың 100% себілді.

Отандық минералдық тыңайтқыштарды өндірушілермен аграрийлердің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ал аммиак селитрасының бағасы 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендеді.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері «Кең дала» бағдарламасы арқылы 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берумен және азық-түлік корпорациясын 80 млрд теңге көлемінде форвардтық сатып алумен қамтамасыз етілді. Бұл ретте форвардтық сатып алу биыл 2 есеге артты.

 17 наурыздағы жағдай бойынша «Кең дала» бағдарламасы бойынша 94,8 млрд теңгеге өтінімдер келіп түсіп, оның 46,6 млрд теңгесі қаржыландырылды. Азық-түлік корпорациясына 76 млрд теңгеден астам сомаға өтінім түсті, оның 52,5 млрд теңгесі қаржыландырылды.

«Сонымен қатар, жалпы соманы 140 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қосымша 70 млрд теңгеге қаржыландыру көлемін арттыру мәселесі пысықталып жатыр. 200 мың тонна көлемінде астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға тағы 20 млрд теңге бөлу алдын ала мақұлданды», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

 Жалпы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық мәселесі жоспарлы режимде жүріп жатыр және министрліктің ерекше бақылауында, деп түйіндеді ведомство басшысы.

Бұған қоса, министр АӨК субсидиялау тетігін жетілдіру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, жұмыс тобының отырыстарында бірнеше рет талқыланған қолданыстағы жүйені реформалаудың бірнеше нұсқасы дайындалғанын атап өтті.

 «Алайда, соңғы оқиғаларға байланысты, ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын сақтау мақсатында субсидиялаудың жаңа тетігін енгізуді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастау туралы шешім қабылданды. Тиісінше, ағымдағы жылы АӨК мемлекеттік қолдау қолданыстағы субсидиялау ережелері бойынша жүзеге асырылады», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау қажеттілігін ескере отырып, ағымдағы жылы АӨК-ні субсидиялауға қосымша қаражат бөлу туралы мәселе пысықталып жатыр. Олар өткен жылдың пайда болған берешегін өтеуге, сондай-ақ тауар-материалдық ресурстар бағасының көтерілуінен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шығындарын өтеуге бағытталатын болады.

 «Министрлік фермерлік қоғамдастықпен бірлесіп мемлекеттік қолдау тәсілдерін қайта қарау бойынша жұмысты жалғастырады, сондай-ақ қазіргі уақытта Ақмола облысының базасында тестіленіп жатқан субсидиялаудың жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін қолданысқа енгізу бойынша жұмысты жеделдететін болады. Оны екінші жартыжылдықтан бастап қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді Ербол Қарашөкеев.

Президенттің тапсырмасы аясында азық-түліктің тапшылығы мен бақылаусыз қымбаттауын болдырмау үшін мемлекеттік тұрақтандыру қорларына форвардтық бағалар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мәселесін пысықтау басталды.

Тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражаттың бір бөлігін күзгі сатып алудан көктемгі форвардтық келісімшарттарға аванс беруге қайта бағыттау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, тұрақтандыру қорларын қалыптастырудың қолданыстағы ережелеріне қажетті өзгерістер мен толықтыруларды жедел енгізу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Сөз соңында Ербол Қарашөкеев министрлік Мемлекет Басшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

  1. аватар
    Twfosr 26 мая 2022 05:20

    order doxycycline 100mg online cheap - <a href="https://clomidg.store/">buy clomid 50mg without prescription</a> order tadalafil 10mg without prescription

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.