Ақмола облысында 8,5 млн. мемлекеттік қызмет көрсетілді
Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында брифинг өткізіп, Департаменттің 2021 жылғы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.
Оның айтуынша, 2021 жылы облыс бойынша барлығы 8 млн. 534 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген, олардың 94,5% электронды форматта көрсетілген.
«Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында проблемалық мәселелерді анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін бақылау іс-шаралары жүргізіледі. Өткен жылы 82 тексеру жүргізіліп, 31 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды» - деп мәлімдеді Б.Беспалинов.
Спикер тәртіптік бақылау мәселелеріне де тоқталды. Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 15 отырысы өткізіліп, онда 67 мәселе қаралды. Тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 16 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша 29 тексеру жүргізілді.
«Біздің қызметіміздің маңызды бағыты азаматтардың өтініштерін қарау және олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады. Мысалы, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша бір азаматқа жылжымайтын мүлік объектісінің тұрақты мекенжайы, екіншісіне жеке куәлік берілді, сондай-ақ жеке шаруашылық және бағбандық үшін жер учаскелері берілді» - деді Б.Беспалинов.
Мемлекеттік қызметшілердің алдында тұрған маңызды міндет – жаңа өмір сапасын қамтамасыз ету. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру өзекті міндет болып қала береді.
Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы
[xfvalue_img]
1 пікір