С. Шәпкенов Қызылорда облысындағы «Ауыл – ел бесігі» жобасының жүзеге асырылуымен танысты

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» республикалық жобасының іске асырылу барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді, сондай-ақ Жұмыспен қамту жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) шеңберінде салынып жатқан объектілердің біріне барды.

Өңірге келгеннен кейін Еңбекминінің басшысы Қызылорда қаласындағы «Бәйтерек» тұрғын ауданында болып, Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқан 600 орындық мектептің құрылысымен танысты. Құрылыс алаңын аралау барысында министр бұл объектінің қала инфрақұрылымы үшін маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар Қызылорда облысының әкімдігіне ЖҚЖК аясындағы жобаларды іске асыру барысын бақылауды күшейтуді ұсынды.

«2021 жылы өңірде ЖҚЖК аясында азаматтарды жұмыспен қамту және бөлінген қаражатты игеру деңгейінің төмендігі байқалуда. Қызылорда облысының әкімдігіне мәслихаттар депутаттарын, «Адалдық алаңы» өңірлік жобалау офистерінің, «Nur Otan» партиясы филиалдарының, БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына тұрақты негізде қоғамдық бақылау жүргізу, мердігерлердің жауапкершілігін қатаңдату, жұмыссыздарды нақты жұмысқа орналастыру, электрондық еңбек шарттарын толтыру және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша бақылауды күшейту; ЖҚЖК аясында бөлінген қаражатты игеру бойынша бақылауды күшейту қажет», – деді Серік Шәпкенов.

Еңбекминінің басшысы өзінің жұмыс сапарында даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жетілдіруді көздейтін «Ауыл – ел бесігі» республикалық жобасы шеңберінде іске асырылатын түрлі жобалар бойынша жұмыс барысымен танысуға баса назар аударды.

Облыс бойынша 103 перспективалы ауыл анықталды, олар ауылдық жерлер тұрғындарының 83%-ын қамтиды. «Ауыл – ел бесігі» жобасына қатысқан алғашқы елді мекендер 2 аудан орталығы – Жосалы кенті (Қармақшы ауданы) және Жалағаш кенті (Жалағаш ауданы) болды. Оларда 31 жобаны іске асыруға 2019 жылы 1,7 млрд. теңге бөлінді. 2020 жылы тағы 8 ауыл қамтылды, 60 жобаны жүзеге асыруға 4,2 млрд теңге бөлінді. Биыл 26 ауылда 82 жобаны жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді.

Күннің бірінші жартысында Серік Шәпкенов Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі А. Иманов көшесі мен орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жалағаш ауданының Таң ауылдық округінде министрге Орынбай жырау көшесін орташа жөндеу, №118 орта мектепті күрделі жөндеу және дәрігерлік амбулатория салу жұмыстары қалай орындалатынын көрсетті.

Жалағаш кентінде Еңбекминінің басшысы 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық Өнер мектебінің құрылысымен, сондай-ақ Жалағаш ауданындағы «Ауыл-ел бесігі» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты.

Жалағаш ауданының әкімдігінде өткен кеңесте сөз сөйлеген министр өңірде «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру мәселесін қарау оның Үкімет мүшесі ретіндегі жұмыс сапарының негізгі мақсаты болып табылатынын атап өтті.

«2021 жылы республика бойынша 480 ауылдық елді мекенде 106 млрд теңгеге 1 140 жоба, оның ішінде Қызылорда облысында 82 жоба жүзеге асырылуда. «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту екені белгілі. Сондықтан бұл өте маңызды жұмыс және үлкен жауапкершілік екенін атап өткім келеді», – деді Серік Шапкенов.

Еңбекминінің басшысы жергілікті атқарушы органдар жұмыстардың мерзімінде орындалуын тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі, ал келесі жылы іске асырылатын жобалар үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ерте жүргізуді талап етуі қажеттігін атап өтті.

Қызылорда облысына екі күндік жұмыс сапары барысында Еңбекминінің басшысы сондай-ақ Қармақшы және Қазалы аудандарында «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында іске асырылып жатқан объектілердегі жұмыстардың барысымен танысады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.