ANTIKOR.LIVE ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: КЕДЕРГІСІЗ ӘКІМДІК

ANTIKOR.LIVE ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР: КЕДЕРГІСІЗ ӘКІМДІК

Бүгін #ANTIKOR.LIVE жобасында тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Есет Байкен мен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қатысуымен онлайн диалог өтті.

 Аудан әкімі «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы хабардар етті.

Аудан әкімдігінің барынша ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимылды жақсарту шеңберінде «бюджетке қатысу», Front-office, «Open-space» сияқты бірқатар жобалар іске асырылуда.

Мысалы, «бюджетке қатысу» жобасы аясында аудан тұрғындары аула аумақтарын абаттандыру бойынша қажетті жұмыстарды өздері анықтайды.

Сонымен қатар, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдары қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі мен тиімділігіне сәйкес, негізгі назар «Сарыарқа» ауданы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына сапалы және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған.

Кедергісіз кеңістік фронт-офис құрумен қамтамасыз етілген, оның аясында аудан тұрғындары аудан әкімдігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша бір жерден ала алады.

Жыл басынан 8368 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде: меншік иелерінің бірлестігін құру жөніндегі консультациялық орталық – 42, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы – 89, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы – 413, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – 6702, ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі – 898, "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - 116, Консультация – 108.)

Сондай-ақ, тікелей эфирде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырып жатқан «Адалдық алаңы» жалпы республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында «Open-space» технологиясының жүзеге асырылуы атап өтілді.

Жобаның негізгі мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту. Оған қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ашықтығын, айқындығын, есептілігін арттыру және қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіледі, сондай-ақ аудио және бейнежазбаны тіркеу жүргізіледі.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің барлық қызметкерлері, басшылық құрамды қоса алғанда, өз қызметін ашық және айқын кабинеттерде жүзеге асырады. Жұмыс кеңістігін ұйымдастырудың бұл түрі мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты азайтуға арналған.

Бұл жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып қана қоймай, аудан халқының сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.