Бас Прокурор мен Ішкі істер министрінің өңірлерге жұмыс сапары туралы
2021 жылғы 25-26 мамырда Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс сапарымен болды.
Сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі хал-ахуалмен және аймақтардағы жаңа құқықтық жағдайдағы жұмыстармен танысу.
Ведомство басшылары құқық қорғау органдарының аумақтық басшыларымен тергеу органдарының негізгі шешімдерін прокурорлардың келісуі бойынша аралық қорытындыларды талқылады.
Іс-шара барысында тергеушілер мен прокурорлар электронды форматта шешім қабылдау тәртібін және оларды келісуді көрсетті. Жаңа тәсілдер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әуре-сарсаңға салуды болдырмай, өзара іс-қимылдың жеделдігін арттырғанын атап өтті.
Бас Прокурор бұл институт азаматтардың құқықтарын нақты қорғау үшін жұмыс істейтінін атап өтті.
Тергеушілерді жаңа ақпараттық қызметтермен жұмыс жасауға үйрету, оларды заманауи компьютерлік техникамен және жылдам интернет байланысымен қамтамасыз ету қажеттілігін атап көрсетті.
Бұдан бөлек, облыстар әкімдерінің қатысуымен кеңестер өткізіліп, өңірлердегі криминогендік ахуал мен заңдылықтың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша қадағалау органының басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
23 пікір