Бас Прокурор мен Ішкі істер министрінің Атырау және Маңғыстау облыстарына жұмыс сапары туралы
2021 жылғы 15-16 наурызда Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау және Маңғыстау облыстарында жұмыс сапарымен болды.
Ведомство басшылары өңірлердің құқық қорғау және арнайы органдарының басшыларымен кездесулер өткізіп, онда қылмыстық істер бойынша негізгі шешімдерді прокурорлармен келісудің жаңа тәртібінің барысын талқылады. Бұл Қазақстанның қылмыстық процесінің Елбасының (2017 жылғы құқық қорғау органдарымен жиналыс) және Мемлекет басшысының қылмыстық саланы жаңғырту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде орындалып жатқан жаңа үш буынды модельге көшуінің бірінші кезеңі.
Қалалық және аудандық бөлімшелердің тергеушілері мен прокурорларымен кездесіп, олардың жаңа процессуалдық жағдайлардағы жұмысымен танысты.
Қызметкерлер олардың өзара іс-қимылы мен тәжірибесі туралы айтты, сондай-ақ күнделікті жұмыс барысында туындайтын проблемалық сұрақтарды және оларды шешу жолдарын талқылады.
Бас Прокурор материалдық-техникалық базаны нығайтуға, тергеушілер мен прокурорлардың кәсіби деңгейін арттыру қажеттілігіне әріптестерінің назарын аударды.
Сондай-ақ қылмыстық орбитаға түскен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғалу деңгейінің оң динамикасын атап өтті.
Ағымдағы жылы соттың жеке қаулылары 8 есеге, сот қайтарған істер саны 44% - ға қысқарды.
Заңсыз шешімдердің саны азайды, сәйкесінше процеске қатысушылардың шағымдарының алғышарттары төмендейді.
Жиналыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]