ПАРАСАТТЫ БИЗНЕС – ҰЛТТЫ ӨРКЕНДЕТУДІҢ КЕПІЛІ

ПАРАСАТТЫ БИЗНЕС – ҰЛТТЫ ӨРКЕНДЕТУДІҢ КЕПІЛІ

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов қалалық мемлекеттік мекемелердің қайта құрылған қызметімен танысып, бизнес-қоғамдастықпен және азаматтармен кездесті.

Мемлекеттік мекемелер ұсынатын қызметтің сапасымен танысу мақсатында «open space» форматында салынған «Бизнеске арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына барды.

Қазіргі таңда, мекеме қызметкерлері кәсіпкерлер мен инвесторларға 18 бағытта 90 қызмет түрі бойынша тегін қызмет көрсетеді (көрсетілетін 90 қызмет түрінің 46-сы мемлекеттік қызмет, 21-і электрондық мемлекеттік қызмет).

Кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервис орталығы «бір терезе» қағидасына негізінделген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша облыс кәсіпкерлеріне 13 488 қызмет көрсетілген.

Бұдан бөлек, бұл ғимаратта облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ, «Аймақтық инвестициялық орталық «МҚҰ» ЖШС, «Халық Банкі» АҚ, «ВТБ» АҚ-ның филиалдары мен бөлімшелері, AMANAT HOME кооперативі орналасқан.        

    Шара барысында О. Бектенов «Қазіргі таңда кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – елдің күн тәртібіндегі басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы жолдауында атап өткендей, пандемия кезеңінде шағын және орта бизнес қиын жағдайға тап болғандықтан, қолдауға аса мұқтаж. Осы ретте, бизнеске заңсыз араласу, оның қызметіне кедергі келтіру «мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс» ретінде қабылдануы тиіс», - деп атап өтті.

Осы ретте кәсіпкерлер мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін «Protecting business and investments» жобасын атап өткен жөн.

Қазіргі таңда Агенттік жалпы сомасы 16,3 трлн. теңгенің 656 бизнес-жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейді, оның ішінде Қызылорда облысында 554 млрд теңгеден астам сомаға 22 бизнес жоба қорғауға алынған.

Шара соңында Агенттік төрағасының бірінші орынбасары аталған жоба аясында сүйемелдеуге алынған кәсіпкерлермен кездесіп, облыстағы кәсіпкерліктің жай-күйі жайлы мәселелерді талқылады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.