Елордалық сотта аудандық сот мамандары арасында құқықтық турнир өтті
Мамандардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында елордалық сотта құқықтық турнир өткізілді.
Іс - шара кәсіби мереке – судьялар мен сот қызметкерлері күніне арналды.
Турнирге 3 команда қатысты. Олардың құрамына аудандық соттардың мамандары кірді.
«Азаматтық юрисдикция соттары» командасының атынан Алматы, Есіл, Сарыарқа және Байқоңыр аудандық соттарының мамандары қатысты.
Екінші команда «Қылмыстық юрисдикция соттары» қылмыстық істерді қарайтын аудандық соттардың мамандарынан құралды.
Үшінші команда мамандандырылған соттардың атынан жарысқа түсті.
Мамандар арасындағы жарыс үш кезеңнен тұрды. Командалар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік заңнама нормаларын қолдану бойынша өз білімдерін көрсетті.
Нұр-Сұлтан қаласы сотының оқу бағдарламаларының үйлестірушілері Ш.Ерғалиева, М.Қасымова, Сот төрелігі академиясының вице-ректоры К.Мусин және отставкадағы судьялар Н.Пазылов пен А.Жаманова қатысқан қазылар құрамы турнир жеңімпазын анықтады.
Құрметті бірінші орынды «Азаматтық юрисдикция соттары» командасы иеленді.
«Үздік капитан» атағына «Тура би» командасының капитаны Олжас Әбдекерім ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]