Жоғары Сот Кеңесі конкурс жариялады
Жоғары Сот Кеңесі ағымдағы жылы 24 қазанда аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары (50 бос орын) мен судьяларының (116 бос орын), облыстық және оларға теңестірілген соттар сот алқаларының төрағалары (5 бос орын) мен судьяларының (11 бос орын) бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялады.
Бос орындардың толық тізімі Кеңестің интернет-ресурсында (www.vss.gov.kz) орналастырылған.
Қостанай облысы бойынша:
облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Алтынсарин аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Арқалық қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қамысты аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қостанай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Рудный қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы;
жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Әулиекөл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Жітіқара аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарабалық аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қостанай қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Лисаковск қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Меңдіқара аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Науырзым аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Қарасу ауданының № 2 аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Сарыкөл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Таран аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ұзынкөл аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
[xfvalue_img]
10 пікір