Кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы серуендері үшін ана-аналары жауапқа тартылады

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттағы серуендері үшін ана-аналары жауапқа тартылады

Компьютерлік клубтар, диско-барлар, сонымен қатар, аулалар мен тұйық көшелер – ювеналды полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде түнде жасөспірімдердің уақыттарын өткізетін орындарды тексереді. Мақсаты – қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңды өкілдерді тәуліктің қараңғы уақытында орын алуы мүмкін қатерлер туралы ескерту. Шілденің 18-не қараған түнде «Қауіпсіз жаз» акциясы аясында петропавлдық полицейлердің назарына 13 жастағы екі жасөспірім түсті. Олар Н.Назарбаев көшесімен ересектердің қарауынсыз жүрген. Ата-аналары ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту шығарылды.

«Акция барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің тағы осындай 7 дерегін анықтады. Екі кәмелетке толмағанның алкогольдік ішімдік ішу фактісі анықталды. Сондай-ақ, тұрмысы нашар отбасылар да бақылауда, – дейді Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов. – «Балалар мен жасөспірімдердің түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін көшеде жүруге болмайтынын естеріңізге саламыз».

Жыл басынан 620 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 40-ы – кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені, 19-ы – көңіл көтеру орындарында болғаны, 426-сы – тұрғын үйден тыс жерде түнгі уақытта болғаны үшін.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

110 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.