Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың күнделікті түнгі рейдтері жалғасуда.
Тараз қаласының Полиция басқармасы кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуын ескертеді –
заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуы –
заңды өкілдерге ескерту жасауға әкеп соғады.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы әрекеттер, – заңды өкілдерге жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірім 1 жылға полиция бөлімінің есебіне қойылады.
[xfvalue_img]