КИІК МҮЙІЗІ – КОНТРАБАНДА НЫСАНАСЫ  Оны кесіп алғандар заңмен жазаланады

КИІК МҮЙІЗІ – КОНТРАБАНДА НЫСАНАСЫ Оны кесіп алғандар заңмен жазаланады

Адам ата – Хауа ана ұрпағымен бірге жаралып, сонау мамонттар мен динозаврлар дүниесінен бері жойылмай келе жатқан ақ бөкендердің шын мәнінде киелі жануар екендігінде сөз жоқ. Жазықтықта жүйткіген жүйрік атаулыға дес бермей, алдын қия кестірмейтін кең даланың кербезі -  киіктердің тегінде ерекше қасиет бар. Ата-бабаларымыз киіктерді «Ақ бөкен» деп ардақтап, ен даланың еркесі санаған. Оларға орынсыз қол тигізбеген. «Жез киік» деп жырға қосқан.

 Осындай киелі дала жануарын  сақтағанымыз, көздің қарашығындай қорғағанымыз жөн – ақ! Алай да киікке сұқтанушылар жыл өткен сайын көбейе түсіп отыр. Оған шүйлігушілер ел аумағынан асып, жақын шет елдерден де ат басын бұрады. Әсіресе, қызықса қанаттыны қыбырлатпай, жорытқанды жыбырлатпай ұстап, жұтқыншақтан өткізіп жіберетін Аждаһа елінің базар нарқы киік мүйізінің құнын аспандатып жібергелі жазған жануардың басына бұрынғыдан да қою қара бұлт қатты үйірілді. Киік – контрабандалық қылмыс нысанасына айналды.

Ұлы даланың киелі жануарды қастерлеген игі дәстүрін аяқасты еткендерді, ақша үшін азғындаған ұрпақтың дала жануарларын қынадай қырғынға ұшыратқан қатыгездігін көргенде көңілің қан жылайды. Сол азғындардың арасында қандастарымыздың, өз жерлестеріміздің жүргені тіптен жаныңа батады.

Бөкей ордасы аудандық сотында 2017 жылы ҚК-нің 337 (заңсыз аңшылық) бабымен 4 тұлғаға екі іс, ал 339 бабымен (пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктерін немесе (мүшелерін) дериваттарын заңсыз алу, иемдену) 11 тұлғаға 7 іс қаралды. Ал өткен 2018 жылы ҚК-нің 337 бабымен 9 тұлғаға қатысты 3 іс, 339 бабымен 6 тұлғаға қатысты 5 іс қаралды. Бұл статистикалық деректерден ауданда дала жануарларына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың көбейіп отырғанын көруге болады.

Сөзіміз дәлелді болу үшін Бөкей ордасы аудандық сотында 2018 жылы киік мүйізіне қатысты қаралған 7 істің жай-жапсарына қысқаша тоқтала кетелік.

Мұратсай ауылының тұрғындары Е.С., С.Б., А.З. округтегі жалғыз «Жедел жәрдем» көлігімен шығып, «Мәзілбек» қыстағы маңынан киіктің                   6 текесі мен бір ешкісін атып алады. Оларды ұстаған «Охотзоопром өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны жануарлар дүниесін қорғау инспекторларының мәліметінше, мемлекетке келген залал 22 803 405 теңге.

Қоршаған ортаға келген залалдар аудандық соттың үкімімен толық өндіріліп, үшеуі де 4 жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бәрінің төрт жыл мерзімге бас бостандықтарына шектеу қойылды.

Ауланған 12 дана киік мүйізінен мемлекетке келтірілген шығын мынадай бағамдар бойнша өндірілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2015 жылғы 27 ақпандағы «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келітірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» №18-03/158 бұйрығымен (11.05.2017 жылғы №197 бұйрықпен мөлшерге енгізілген өзгерісті қоса алғанда), сондай-ақ 2015 жылғы 3 желтоқсандағы зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы әдістемеге сай зиянды өтеу ставкасының мөлшері жөніндегі бұйрыққа сәйкесті әрбір дарағы үшін бір серке киікке 500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), ұрғашы киік үшін 350 АЕК белгіленіп, зиян мөлшері бір серкеге 3 403 500 тенге, ал ұрғашы киікке 2 382 450 теңгемен есептелінді.

Бөкей даласындағы шоғырланған киік табындарына көз тігушілер шет аймақтардан да табылуда. Мысалы, оралдық бір азамат сол қалада тұратын танысына Саралжын ауылына барып, киік аулауға ұсыныс жасайды. Олар «Газель» автокөлігіне қар шанасын тиеп келіп, киікті моторды шанамен қуып, «Сүйекті жыра» қыстағы төңірегінен екі серкені атып құлатып, мүйіздерін алып жатқанда үстеріне аңшылық инспекторлары келіп қалады.          

 Олар қашады. Тура кинодағыдай қуғын басталады. Оқыста оралдан серік болып еріп шыққан азамат қар шанасынан құлап түседі. Әріптесінің оған қарауға шамасы болмай, одан әрмен қашқанымен, көлігі сорға тіреліп, ол да қолға түседі.        

 Аңшылық инспекторларының қырағы көзі «Сүйекті жыраны» төңіректеген «L 248 EFA» нөмірлі «Лада» көлігінен бекер секем алмапты. Тергеп-тексеру барысында, Казталовка ауданындағы Қоныс ауылының екі тұрғыны Оралдан келгендердің сыбайластары болып шықты. Аудандық сот оралдық екі жігітті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2, 4-тармақтарымен кінәлі деп танып, 3 (үш) жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырып, 2 (екі) жыл 6 ай мерзімге бас бостандықтарын шектеу жазасын тағайындады. Қылмыстық құқық бұзушылыққа жәрдемдескен сыбайластарын ҚК-нің 28-бабының 5-бөлімімен, 337-бабының 4-бөлігінің 2), 4) тармақтарымен кінәлі деп танып, 3 (үш) жыл мерзімге аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айырып, 2 (екі) жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеді.

Ал, «БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің төрт сотталушыдан мемлекетке келген залалды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды.  Киікті арнайы көлікпен аулап, заңсыз атып, мүйіздерін кесіп алып, мемлекетке зиян келтірген Жұмагерей Сарисов пен Дастан Қажымұратовтың әрқайсысынан 3 403 500 теңге, барлығы 6 807 000 теңге мөлшеріндегі залал мемлекет пайдасына өндірілді. Сондай-ақ, әрқайсысынан 102 105 теңге, барлығы 204 210 теңге мемлекеттік баж мемлекет пайдасына өндірілді. Адвокаттарының сотталушылар мүдделерін қорғап, келтірген апелляциялық шағымы бойынша бұл іс 05.09.2019 жылы Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралып, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі                       969 санды қаулысына сәйкесті еліміздің бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын ғылыми мақсаттарға болмаса, басқалай   2020 жылға дейін аулауға тиым салынған.  Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы бұйрығымен (№18-03/105) киіктердің мүйізі де дериваттар қатарына жатқызылды. Соған қарамастан соңғы жылдарда киік мүйізіне әуестенушілер қатары өсіп барады.

Қытай базарындағы киік мүйізінің бағасы сол елмен шекаралас аймақ тұрғындарын оңай олжаға, көлеңкелі бизнеске итермелейтіндей.                   Әйтпесе, Өзбекстан Республикасының азаматы, Самарқан облысы Нұрабат ауданының тұрғыны Р.С. пен шымкенттік Б.Е. (екеуі де өзбек) сонау Оңтүстіктен Ұялыға келер ме еді?! «Қара металл және мал дайындап жүрміз» деген желеумен келген олардың «кz 397 FBA» нөмірлі «УАЗ-Патриот» көлігінен жергілікті полиция инспекторы салмағы 300 грамм екі киік мүйізін табады. Олардың өздерімен бірге электрондық таразы да алып жүргені анықталды. Осы «ала шапанды ағайындар» да әділ жазадан құтылмады.

Сондай-ақ, ай далада жатқан киік өлексесіне кездейсоқ тап болып, «итке беремін» деп төшкесін, «кәдеге жаратармын, ақша алармын» деп мүйізін үйіне апарғандар да құқық қорғау органдары мен аңшылық инспекторларына ұсталып, істі болуда.

Солардың бірі, мұратсайлық азамат. Ол ауылдан бес шақырымдай жерден тауып алған өлексені итіне бермек болып, «Жигулиге» салып алғаны үшін шаталған.

Тағы бір іске тоқталсақ, Саралжын ауылының тұрғыны Ж.Еркингалиев даладан өлген киіктің екі мүйізін қол арамен кесіп алып, 29.01.2018 жылы сот үкімімен пайдалануға тыйым салынған жануарлардың дериваттарын заңсыз алағаны, иемденгені және тасымалдағаны үшін айыпты деп танылды.

Сот мәжілісінде Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы К.Кадешев сотталушыдан мемлекет пайдасына 3 607 500 теңге материалдық залалды өндіру туралы талап арыз берген болатын. Алайда сот оның 3 607 500 теңге зиянды өндіруді сұраған уәжін негізсіз деп тауып, талап арызды қанағаттандырған жоқ.

Жәбірленуші өкілі БҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы К.Кадешев істің азаматтық талап бөлігіне қатысты апелляциялық шағым түсіріп, онда үкімнің азаматтық талапты қанағаттандырусыз қалдыру жөніндегі бөлігін бұзып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 20.06.2005 жылғы «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» №1 нормативтік қаулысының 22-тармағына сәйкес, азаматтық талап бойынша шешім қабылданғанға дейін сотталушының жасалған қылмыс үшін кінәлі екені, сондай-ақ оның әрекеті мен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланыс анықталуға тиіс. Осы мақсатта залалдың сотталушының қандай әрекетімен келтірілгені, мұның қандай дәлелдермен расталатыны анықталуы керек деп көрсетілген.

Іс құжаттарынан киіктің өлуіне сотталған Ж.Еркингалиев кінәлі емес екендігі көрінеді және нақты дәлелмен расталмайды. Ол далалық жерде өздігінен өліп жатқан киік өлексесінің мүйізін заңсыз қағып алып, иемденген. Демек оның әрекеттерінде нақты киікті жою, немесе табиғатқа зиян келтіру фактісі анықталмайды және оның әрекеті мен келтірілген зиянның арасында себепті байланыс жоқ.

Жәбірленуші болса өзінің талабын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзудан келтірген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесіне» негіздеген.

Сот алқасының пікірінше, бұл әдістеме заңсыз әрекеттер жасап, нақты әрекеттерімен табиғатқа зиян келтірген тұлғаларға қатысты қолданылуы тиіс. Сотталушының әрекетінде жануарлар дериваттарын заңсыз алу және иемдену ғана орын алған. Ол пайда табу үшін әрекет еткенімен, қоршаған ортаға зиян келтірмеген.

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші саты сотының қабылдаған шешімін заң талаптарына сай деп танып, үкімді өзгертуге  және апелляциялық шағымды қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.

Осы істі қарау барысында бірінші саты соты БҚО жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің даладағы өлген киіктің бөліктерін заңсыз алып, тасымалдағаны, сақтағаны үшін министрліктің бұйрығымен бекітілген әдістемені басшылыққа алып, сотталушыдан 3 607 500 теңге өндіру туралы талап арыз беруі негізсіз деп санайды және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 8-бабының 4-бөліміне сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде, адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтауға тиіс. Ал, осы баптың 5-бөлімінде азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасауға пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейтіні туралы көрсетілгенін, осы жоғарыда көрсетілген мәселелерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасының құзырына жеткізуді көздей отырып, комитетте осы мәселені талқылап, тиісті шаралар алулары үшін сот жекеше қаулы шығарған болатын. Соттың жекеше қаулысына құзырлы орган - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №18-03/058 бұйрығымен бекітілген «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесінің» 2-тармағының 2-тармақшасына сілтеме жасап, аталған норма  қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қолданылып отыр деген жауап хат жолдады.

Киік жануарын әдейілеп өлтірмесе де Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабымен жауапкершілікке тартылған Орда ауылының тұрғыны Қ.Қыясовқа (4 мүйіз), Бөрлі ауылының тұрғыны Н.Зайнуллинге (15 мүйіз), Бисен ауылының тұрғыны Насыровтарға қатысты да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жануарлар дүниесі комитетіне жеке қаулылар шығарылған болатын. Құзырлы орган оларға қатысты да жоғарыда әдістемеге сүйеніп жауап қайтарды.

Соңғы жылдары қылмыстық және қылмыстық процестік заңдарына жазаны ізгілендіру, татуласу институтын оңтайландыру мақсатында көптеген өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337, 339-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатады. Заңсыз аңшылыққа барып, мемлекетке зиян келтірген тұлға әрине жазалануы тиіс. Ал  киіктің мүйіздерін заңсыз алып, сақтағаны үшін сотталушының әрекетінен мемлекетке ешқандай зиян келтірілмеген болса, ол Қылмыстық Кодекстің 68-бабының 1- бөлігіне сай  жәбірленушімен татуласып, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Алайда, сот мәжілісінде заң талаптарын түсіндірген кезде Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы заңның бұл талабын қолдануға келіспейді. Заң мен оның қолданысы аясындағы осы бір сәйкессіздік бір жүйеге келтірілуі керек. Әйтпесе, мемлекеттік органдар арасындағы мұндай текетірес сайып келгенде бірыңғай мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтіреді.

Реті келіп тұрғанда Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық ұғымына әдейі тоқтала кетейік. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 13-тарауы экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтарға арналған. Жалпы экология табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей байланысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау – ең алдымен адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз етуді, табиғат пен жаратылысқа қарсы зиянды, залалды іс әрекеттер жасауға жол бермеуді, табиғи тепе-теңдікті сақтап, тиімді пайдалану мақсатын көздейді.

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық дегеніміз - қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, заңға қайшы теріс іс-әрекеттер болып табылады.

Оның нысанасы – нақты табиғи ресурстар: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай.

Оған жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін аулау мен жинау да жатады.

Саналы тіршілік иесі адам - табиғаты, яғни қоршаған ортаның тазалығын, тепе-теңдігін сақтап, байлығын тиімді пайдалана білуі керек. Қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғуға жол бермеуге тиіс.

Қазіргі кезде киік аулап, мүйізін иемденушілерге Қылмыстық Кодекстің 337, 339 баптары бойынша - экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын және ерекше табиғи-биологиялық дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жазалар тағайындалып отыр.

 Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтар: жануарлар дүниесін тиімді пайдалануға, сақтауға және қорғау ережелеріне қарсы әрекеттер және заңсыз аңшылық (337-бап);

Ерекше табиғи-биологиялық дүниелерді қорғау ережелеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін, немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін, немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою болып табылады (339-бап).

Сөз соңында айтарымыз: Киік – «Қызыл кітапқа» енген киелі жануар. Ал мүйізі бүгінде – контрабанда нысанасы. Оған қол тигізгендер заңмен жазаланады.

«Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» дейді халқымыз. Адамның жанарындай мөлдіреген періште жануардың екі көзінен жас парлатып, құрбандыққа шалғандарды киіктің киесі жібермес. Обал - сауапты білмейтін қатыгездік зауал ғана әкеледі. Осыны ескерейік. Барша қылмыстың алдын алайық. Табиғатты, киіктерді қорғайық!

 

                                                                        Гүлжиһан САҒИТОВА,

                                                                     Батыс Қазақстан облысы,

                                                          Бөкей Ордасы аудандық сотының төрағасы

 

                                                             

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

135 пікір

  1. аватар
    Charla 14 сентября 2024 13:58

    Hello, i feel that i noticed you visited my website thus i came to return the desire?.I'm attempting
    to to find issues to improve my site!I assume its good enough
    to make use of a few of your ideas!!

    my webpage: news (www.udianinfo.com)

  2. аватар
    Tamela 15 сентября 2024 12:40

    көп аллельділік, аллельді гендер mega multi для женщин мультивитамины и мультиминералы, 21
    century витамины инструкция арал шымкент расстояние, кызылорда - шымкент расстояние бала құқығы көрініс, бала құқығы эссе

    my web page ... отандық авторларды қалай көпшілікке танытуға болады

  3. аватар
    Brett 15 сентября 2024 22:24

    Howdy I am so grateful I found your weblog, I really found you
    by error, while I was looking on Bing for something
    else, Nonetheless I am here now and would just like to say thanks for a
    remarkable post and a all round entertaining blog (I also love
    the theme/design), I don't have time to read it all at the
    moment but I have saved it and also added in your RSS feeds, so when I have time I will be back to read a
    great deal more, Please do keep up the superb work.


    my homepage :: Accobio

  4. аватар
    Lolita 16 сентября 2024 01:55

    더 많은 사례를 보고 싶어요.
    SEO 상위 노출 가이드
    SEO 기초와 고급 전략
    https://%EC%A7%84%EC%A7%9C%EA%B5%AC%EA%B8%80%EC%83%81%EC%9C%84%EB%85%B8%EC%B6%9
    C.com/product/%ea%b5%ac%ea%b8%80%ec%83%81%ec%9c%84%eb%85%b8%ec%b6%9c-%eb%b9%84%
    eb%b0%80%eb%85%b8%ed%95%98%ec%9a%b0-%ec%a0%84%ec%9e%90%ec%b1%85-2024%eb%85%84-6
    %ec%9b%94-%ec%97%85%eb%8d%b0%ec%9d%b4%ed%8a%b8/

    Here is my site ... SEO 상위 노출 가이드

  5. аватар
    Maddison 20 сентября 2024 08:48

    APEX Legends stands out as a arena whhere badges are noot just simple in-game items; theey are
    symbols of a player's success and expertise. Acquiring these badgees offers
    players ann eaarned recognition and admiration among the gaming community.


    Here is my blog post :: mythicboost.com

  6. аватар
    Scott 20 сентября 2024 14:28

    Greetings I am so excited I found your site, I really found you by mistake, while I was researching on Google for something else, Nonetheless
    I am here now and would just like to say many thanks
    for a remarkable post and a all round thrilling blog (I also love the theme/design),
    I don't have time to go through it all at the minute but I have bookmarked it and also added your
    RSS feeds, so when I have time I will be back to read
    a lot more, Please do keep up the superb work.

    my web page :: fire kirin online casino

  7. аватар
    Valencia 20 сентября 2024 15:28

    Hi there just wanted to give you a quick heads
    up. The text in your post seem to be running off the screen in Opera.
    I'm not sure if this is a format issue or something to do with web browser compatibility but
    I figured I'd post to let you know. The design look great though!

    Hope you get the issue resolved soon. Many thanks

    Also visit my homepage; bk8

  8. аватар
    Wilmer 21 сентября 2024 00:57

    Attractive component of content. I just stumbled upon your blog and in accession capital
    to claim that I acquire in fact enjoyed account your weblog
    posts. Anyway I will be subscribing for your feeds or even I success you
    get entry to constantly quickly.

    my web page: the online casino review

  9. аватар
    Tamika 23 сентября 2024 02:17

    Hi would you mind lerting me know which web host you're using?
    I've loaded your blog in 3 completely different browsers and I must say
    this blog loads a lot quicker then most. Can you suggestt a good weeb hosting provider at a honest price?

    Thank you, I appreciate it!

    Review my blog: Dijital Forma

  10. аватар
    Genia 28 сентября 2024 04:22

    of course like your web sitee but you need to test thhe spelling on quite a few of your posts.
    Many of them are rif with spelling issues and I in finding it very troublesome to tell the reality on the other hand I will
    certainly come again again.

    Feel free tto surf to my site konya sohbet

  11. аватар
    Audra 29 сентября 2024 19:56

    Thhis is verry interesting, You're a very skilled blogger.
    I've joined yokur feed and stay up foor searching for extra of your fantastic post.
    Also, I've shared your web site in my social networks

    Also visit my web blog - kayseri Haber

  12. аватар
    Kimberley 4 октября 2024 16:40

    Today, I went to the beach front with my kids. I found
    a sea shell andd gave it to my 4 year old
    daughter and said "You can hear the ocean if you put this to your ear." She pllaced
    the shell to her ear and screamed. Thre was a hermit crab inside and
    it pinched her ear. She never wants to go back! LoL I know this is entirely off
    topic but I had to tell someone!

    Also visit my blog; buy youtube views cheap

  13. аватар
    Diane 6 октября 2024 17:26

    ой, мамо скачать, ой мама я вбила орка скачать samsung
    eco bubble 6 кг характеристики, samsung ww65a4s21cx/ld
    инструкция гисметео улан-удэ,
    тивиком погода улан-удэ жердің су қабығы, гидросфера және оның бөліктерін зерттейтін ғылым саласы

    my site ... карангы
    тунде тау калгып абай

  14. аватар
    Kathryn 7 октября 2024 03:07

    Nice post. I used too bbe checking constantly this blog and I'm
    inspired! Very helpful information spdcially the remaining part :
    ) I deeal with such info a lot. I used to be seeking this cetain info
    for a very lengthy time. Thanks and best of luck.

    My weeb site - reklam ajansı
    Ankara

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.