Медиаторлар және билер Кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізілді.
Жуалы аудандық сотының судьясы Б.Жамалбекұлы медиаторлар мен билер Кеңесінің мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Іс шараға қатысқандар, судья Б,Жамалбекұлы, билер Кеңесінің мүшелері С.Тоқбергенов, А.Дүрәліұлы, С.Медетбек, А.Майбалаева, Ш.М.Искаков, медиаторлар С.Кобесов, Р.А.Алиева, Г.М.Калдыбаева, Ө.Рахметов, мектеп медиаторы Г.Е.Аширбаева.
Судья Б.Жамалбекұлы іс-шараға қатысушылардың назарын Жолдаудың талқылау кезінде, мемлекет пен қоғамның арасындағы сенімділік жүйесінің құрылуының басты қадамы бойынша, екінші бөлігіндегі негізгі аспектіге назар аударды.
Сонымен қатар, Жолдауда көрсетілген еліміздің тұрақтылығының негізі ретінде саясаттық дамуының барлық аспектілері талқыланды. Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру. Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу.
Әрі қарай, Б.Жамалбекұлы «Түнгі сот», «Отбасылық сот» және «Виртуалдық сот» пилоттық жобаларың іске асырылуы бойынша жаңашылықтар туралы түсіндіріп берді.
Іс шара соңында судья барлық қатысушыларды Президентпен белгіленген тапсырмалардың іске асыру бағытына қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді.
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
659 пікір