Отбасылық соттар Батыс Қазақстан облысында 300 жанұяны сақтап қалды
«Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберіндегі сот төрелігіндегі соттардың қызметі отбасылық дауды сотқа дейін татуласу рәсімімен шешуге (реттеу) бағытталған. Ол үшін оларда бітімгершілік рәсімдерін жүргізу мақсатында арнайы кабинет ашылды
Оның іші әдемі жиһазбен безендіріліп, әңгімелесуге ыңғайлы етіп жабдықталған.
Мұнда білікті психолог тараптармен әңгімелесу жүргізіп,оларға дауды татуласу тәртібімен шешу туралы, сонымен қатар даудың балаларға психологиялық тұрғыдан әсері туралы түсіндіреді.
Судьялар істерді қарау кезінде отбасылық жақсы қарым-қатынастарды сақтауды, дауды татуласу арқылы шешіп, отбасын сақтау үшін мүмкін болатын шараларды қабылдайды.
Атап айтқанда, облыс бойынша 2019 жылдың 8 айында 1842 неке бұзу істері бойынша 300 келісім бекітілді. Тараптар арасындағы дау медиация тәртібімен шешілді.
Сонымен қатар ювенальды сотының судьяларымен балалардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша 31, ал баламен кездесу тәртібін анықтау бойынша 17 іс бойынша дау медиация тәртібімен шешілді.
«Отбасылық соттардың» жұмысы нәтижесінде аймақта 300 жанұя сақталып қалды.
Батыс Қазақстан облысының
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова
[xfvalue_img]
32 пікір