Сот саласындағы өзгерістер

Сот саласындағы өзгерістер

"Заңға сүйенген қоғам - мықты қоғам", "Билік жүйесі жаңарып тұрмаса - қоғам сүрінуге де бар" деген екен ХVII ғасырдың соңында ХIX ғасырдың басында өмір сүрген атақты қазақтың би-шешені Байдалы Бекешұлы. Бұл бабамыздың сөздері қазіргі еліміздің сот жүйесінде болып жатқан реформалардың бағыт-бағдарын, мақсаттарын сипаттағандай.

Еліміз тәуелсіздік жариялағаннан бастап жас мемлекеттің жаңа қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық мәртебесіне сай түбегейлі құқықтық реформалар өткізу қажеттілігі туындады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында республикамызды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру мақсаты бекітілген. Ол мақсат мықты, тәуелсіз сот билігін қалыптастырумен тікелей байланысты.

Осы мақсаттар біртіндеп жүзеге асырылып келе жатқанына баршамыз куәміз. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат Тұжырымдамасында атап етілгендей, Қазақстанның тәуелсіздігі жылдары ішінде демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сай келетін құқық қорғау жүйесі қалыптасып, тиімді жұмыс істеп келеді. Қазақстанның сот жүйесі тұтас алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандығын, ұйымдар мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сотта тиімді қорғалуын қамтамасыз етудің қажеттіліктеріне сай келеді.

Сот жүйесінің дамуының маңызды тұстарының бірі болып "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру болып табылады.

Бүгінгі күні құқықтық-сот саласындағы реформалардың ең маңызды нәтижелерінің бірі ретінде мамандандырылған соттардың құрылуын айтуға болады. Еліміздің барлық аумақтарында ауданаралық қылмыстық, әкімшілік, экономикалық істер және жасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар құрылды, алқабилер сот институты енгізілді, бірқатар тергеп-тексеру әрекеттерін санкциялау тек сотпен ғана жүзеге асырылады, медиация институты енгізілді.

Аталған реформалар аясында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты да құрылған болатын. Тәжірибе көрсеткендей, бұндай мамандандырылған соттың құрылуы өз өміршеңдігін дәлелдеді. Бұл соттардың құрылуы сот жүйесін күшейтуге өз септігін тигізді. Себебі, мамандандырылған соттарды құру жалпы юрисдикциядағы соттардың жүктемесін азайтып, аса ауыр қылмыстар санатындағы істер бойынша кәсіби білікті сот төрелігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Тағы бір сот жүйесіндегі тың өзгерістердің бірі - алқабилер институтын енгізу екені сөзсіз. Қазақстан Республикасында алқабилер сотының пайда болуы тәуелсіздік алған кезеңнен бастап әлемдік талаптарға сай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдардың нәтижесі.

Еліміз құқықтық мемлекет құру басты мақсаттарының бірі деп жариялаған соң, құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі - сот төрелігінің әділдік, заңдылық және қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылуы болып табылады. Сондықтан, халықтың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы - демократиялық үрдістерге сай болуға бағытталған ұмтылыс деп бағалап, қоғамның демократиялық дамуының бірден-бір көрсеткіштері ретінде қарастыруға толық негіз бар.

Жалпы әлемдік кеңестіктегі алқабилер сотының пайда болу, даму және қалыптасу тарихын, өзіміздің тарихамызда орын алған билер соты институтының ұқсас тұстарын зерделей келе, шетелдік мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, Қазақстан Республикасы алқабилер сотының континеталды жүйесін таңдап, қолданысқа енгізілді. Аралас құрамда демократиялық жүйе құрылды, алқабилер соты сот төрелігін атқарудың тиімді құралына айналды.

Бастапқыда алқабилер соты облыстық және оларға теңестірілген соттардың құрамында болды. Кейін заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау барысында алқабилер соты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құрамына берілді.

Алқабилер сотымен атқаралыған жұмыстар тәжірибесі бұл институт өз міндеттерін жүзеге асырып жатырғанын көрсетеді. Ол тараптардың теңдігі, ізгілік, ашықтық, сот төрелігінің қол жетімділігі қағидаттарының толық жүзеге асырылуына ықпал етті. Яғни, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тиімдірек қорғауға мүмкіндік туғызды. Азаматтардың сот төрелігінің атқарылуына тікелей қатысуы қоғамдағы құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың қалыптасуына өз ықпалын тиігізіп келеді.

Құқықтық жүйедегі реформалардың маңыздыларының бірі - сот жүйесін азаматтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мен оңтайландыруға бағытталған ауқымды шараларды атап өтпеске болмайды.

Соттарда қаралған істердің нәтижелері жөнінде, сотқа түскен шағымдар мен өтінімдердің қаралуы қорытындысы жөнінде, жалпы республикамыздағы соттардың атқарып жатырған жұмысы жөнінде жедел және сапалы ақпарат алу үшін азаматтардың қажеттілігін ескеріп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жаңа электрондық іс жүргізу жүйесін жасақтап, қолданысқа енгізді.

Қазіргі кезде сот жүйесіне сенімділікті арттыру, іс жүргізудің оңтайландыру, оның қолжетімділігін, жеделдігін арттыру және сот жүйесінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында соттардың іс жүргізуінде инновациялық ақпараттар технологиялар кеңінен қолданылуда. Сот жүйесінің ғаламтор-ресурстарының модернизациялау арқылы сот процессіне қатысушыларға электрондық пошта арқылы және SMS-хабарламалар жолдау, "Сот құжаттарымен танысу", "Сот кабинеті", "Сотқа шақыру қағазы" сервистері енгізілді және сот органдарының арнайы байланыс орталықтары (Call-центр) ашылды. Барлық жергілікті соттар "Мемлекеттік органдардың бірыңғай электронды іс құжат айналымы" жүйесіне қосылды.

Сотқа шақырылатын тұлғаларды жедел хабар ету мақсатында, оларға электрондық хабарлама жолдау жүйесі іске қосылды. Бұл өз кезегінде іске қатысушылардың сот отырысына келуін қамтамасыз етілуі көрсеткішін арттырып, пошталық жөнелтілімдерге кететін қаржылық шығындарды елеулі түрде азайтуға мүмкіндік туғызды.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдарымен бірлесе отырып, бейне-конференс-байланысы қолданысқа енгізіліп, сотталушыларды сот мәжілісі залдарына айдауылмен жеткізусіз-ақ сот істерін қарауға мүмкіндік туды.

Азаматтар үшін соттардың ресми сайттарында "Қаралып жатқан істер тізімі" және тағы басқа модельдер іске қосылды. Олар арқылы тағайындалған істердің тізімімен, сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік туындады. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Төрағасының жеке парақшасы, облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының блогтары ашылып, азаматтар өз ұсыныстары мен шағымдарымен сот басшылығына тікелей жүгінуге мүмкіндік алды. Сот құжаттарына жедел қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін "Сот құжаттарымен танысу" сервисі енгізілді, онда іске қатысушы өзінің қатысып жатырған ісі бойынша барлық процессуалдық құжаттармен таныса алады.

Бұған қоса, сот мәжілісі залдары дыбыс-бейне жазба құрылғыларымен қамтамасыз етіліп, сот процестерін дыбыс-бейне жазу арқылы сот отырыстарының ашықтығы қамтамасыз етілді.

Техниканың қарыштап дамыған заманында ақпараттық технологияларды қолдану сот жүйесінің алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін зор септігін тигізуде.

Бұның бәрі еліміздің сот жүйесін жетілдіріп, одан әрі дамытуға бағытталған шаралардың бір сыпырасы ғана. Осындай жүйелі жұмыс арқасында Қазақстан Республикасының сот жүйесі басқа мемлекеттердің сот жүйелерімен, жалпы халықаралық құқықпен өзара тиімді қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне қол жеткізді. Сөйтіп, еліміз неғұрлым әділ және ашық сот төрелігін қамтамасыз етуге нақты қадамдар жасап келеді.

 

Астана қаласының

қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған

ауданаралық сотының төрағасы                                        

Ә.Ш.Шайхисламов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

63 пікір

  1. аватар
    Maik Кеше, 21:09

    Using PayID as your payment method at online
    casinos in Australia not only offers quick and secure transactions but also opens the door to a variety
    of exciting bonuses. When it comes to withdrawals in online pokies that accept PayID, the usual limits range from AU$ 50 to AU$ 10,000 per transaction. The
    Pay ID transfer itself is close to instant after approval — the main variable is how
    long the payid withdrawal casino spends checking KYC, wagering completion, and risk flags before it initiates the payment.

    At payid online casinos, you use the casino’s Pay ID address for deposits and your own Pay ID for withdrawals, with transfers routed securely through your bank’s own app environment.
    If a brand routinely leaves Pay ID withdrawals
    in pending status for more than two business days without explanation, it should not be treated as a genuine instant payid withdrawal casino regardless of what
    its marketing claims about casinos with PayID. The first
    window is casino approval time — how long the operator
    spends running its own KYC, wagering, and fraud checks before it releases the funds.


    References: https://libertydirt.com/community-forum/topic/what-makes-best-online-casino-pay
    id-withdrawal-australia-that-completely-different/

  2. аватар
    Virgil Бүгін, 02:31

    These games can be especially tense and engaging,
    with some offering chat features that can make gameplay social.
    If you’re new to online bpay pokies fast payout, you may be confused by the many terms and bonus features that are standard to them.
    However, if you’re curious, you can do your own experiment based on a simple formula.
    When you choose a high payout site, you’re choosing a casino that
    offers a broader selection of favourable RTP games.

  3. аватар
    Mari Бүгін, 04:05

    Once set up, you can add funds and collect winnings instantly across trusted casino sites with
    PayID. For Australians playing at online casinos, this payment method offers a seamless connection through
    existing banking apps. Using this payment method gives
    you instant access to your funds, and you don’t have
    to share sensitive card details with gambling sites.

    References: https://cybreongames.com/

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.