Қылмыстық іс бойынша істі тоқтата тұру және іс жүргізу мерзімін үзу негіздері мен шарттары

Қылмыстық іс бойынша істі тоқтата тұру және іс жүргізу мерзімін үзу негіздері мен шарттары

Қылмыстық іс бойынша істі тоқтата тұруға қажеттілігі іс бойынша іс жүргізуді қарапайым барысына кедергі келтіретін бірқатар жағдайлардың туындауына байланысты. Қылмыстық істі жүзеге асыру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталуына немесе істің сотта қаралуына кедергі келтіретін әр түрлі жағдайлардың туындауы мүмкін. Оларға күдіктілердің, айыпталушылардың ауруы, күдікті, айыпталушы жасырынған немесе қоғамдық қауіпті әрекет жасаған тұлға анықталмаған  жағдайда, олардың ел шегінен тыс табылуын, қорытындысы ұзақ уақыт бойы алынуы мүмкін емес сараптаманы тағайындауды жатқызуға болады. Алайда, объективті болып табылмайтын жағдайлардың мұндай түрінің әрқайсысы істі тоқтата туру туралы шешімді қабылдауға тартылмайды.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата туру негізін келесі түрге жіктеуге болады: сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде іс бойынша тергеп-тексерудің мерзімін үзудің негіздері;сотта іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру негіздері.

Осылайша, бірінші сатыдағы сотта күдікті, айыпталушы ретінде ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 45-бабының 1-тармағында көрсетілген жауапқа тартылуға жататын тұлғалардың анықталмауы жағдайын қоспағанда, бірінші бөлімде көрсетілген кез-келген жағдайдың болуы кезінде тоқтата тұруы мүмкін. Осыған орай бірінші сатылы сотта тергеуден немесе соттан жасырынуға қарағанда өзге себептер бойынша күдіктінің, айыпталушының келу орны белгісіз жағдайларда да іс тоқтатылуы мүмкін емес деген пікірмен келісуге болмайды. Айыпталушының не күдіктінің келу орнының белгісіздік себебі мүлдем әр түрлі жағдайлар жасалуы мүмкін және бұл жағдайлар алдын-ала тергеудің аяқталуынан кейін туындауы мүмкін. Мысалы, күдікті не айыпталушымен нәтижесінде ол ауруханаға түсетін және бұл жөнінде хабарлай алмайтын немесе күдікті, айыпталушы өз туыстарымен, таныстарымен байланысу мүмкіндігінен айырылып, қылмыс құрбаны болатын жазатайым оқиға өткенде және т.б.

Істі тоқтату жағдайларының көпшілігі күдіктінің, айыпталушының іс бойынша іс жүргізуге қатысудың нақты мүмкіндігінің болмауымен байланысты  екендігін назарға қабылдап, тоқтата тұрудың негізін екі топқа бөлеміз: күдікті не айыпталушының ісіне қатысудың мүмкінсіздігімен байланысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата тұру негіздері (ҚР ҚПК 45-бабы, бірінші бөлімі, 1-5 тармақтары); іс бойынша іс жүргізуде сотқа дейінгі тергеп-тексерудітоқтатудың өзге негіздері (ҚР ҚПК 45-бабы, бірінші бөлімі, 6-тармақ, ҚР ҚПК 45-бабы, екінші бөлімі).

Енді сот ісін жүргізуді тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу негізі ретінде іс бойынша сот ісін аяқтауға кедергі келтіретін жағдайларын жеке-жеке қарастырып шығайық.

Күдікті, айыпталушы, сотталушы соттан жасырынған не оның жүрген жері басқа себептермен анықталмаған болса.

Аталған негіз бойынша істі тоқтата тұру тсотқа дейінгі тергеп-тексерудің тығырыққа тірелгенін және заңмен белгіленген мерзімде қылмысты ашудың мүмкін болмағанын білдіреді.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 45-бабы бірінші бөлігі, бірінші тармағына сәйкес егер күдікті, айыпталушы не сотталушы соттан жасырынса онда іс тоқтата тұрылады да сотта істі қарау мерзімі үзіледі. Ол дегеніміз обьективті негіздердің негізінде сотта істі қарауда уақытша үзіліс.                      

Көрсетілген негіз екі бөліктен тұрады:күдікті, айыпталушы соттан жасырынған;күдіктінің, айыпталушының жүрген жері басқа себептермен анықталмаған.

Біріншісінде күдіктінің, айыпталушының жазадан қашу мақсатымен соттан не сотқа дейінгі тергеп-тексеруден қасақана жасырынғанын әлі дәлелдеу керек. Бәлкім оның қылмыстық жауаптылықтан қашу ниеті болған жоқ шығар.

Екіншісінде күдіктінің, айыпталушының жүрген жері басқа себептермен анықталмағаны күдіктінің, айыпталушының қасақана жасырынып жүр дегенді білдірмейді. Мысалы күдіктінің, айыпталушының жүрген жерінің анықталмауына табиғи, техногенді, экологиялық және т.б апаттар себеп болуы мүмкін. Сондықтан екі негіздеде дәлелді себептер болуы қажет.

Сотталушының, айыпталушының психикасының уақытша бұзылуы не өзге де ауыр науқасы.

Бұл кезде сот істі тоқтата тұрады, дәрігердің дәлелді анықтамасымен расталса ғана. Егер сотталушының, айыпталушының психикасы уақытша бұзылса онда ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 271-бап, 4-бөлігі, 1-тармағына сәйкес сот-психиатриалық сараптамасының қортындысымен расталуы керек. Психикасының ауруының түрлеріне байланысты, егер психикалық ауру ұзақ уақытқа созылса, ол сәйкесінше қоғамға да өзіне де қауіпті. Сондықтан ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 509-524 баптарына сәйкес сол тұлғаға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданамыз. Сот психикалық ауытқуы жойылған соң, яғни медицина бөлімінің бас дәрігерінің дәлелді қорытындысы негізінде сол тұлғаға қатысты мәжбүрлі емдеуге жібереді.

 

Есіл ауданының №2 аудандық сотының қызметкері

 Дондаев Айтбек Есентайұлы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

39 пікір

  1. аватар
    Harriett 19 сентября 2024 01:10

    ұлттық байлық қазба байлықтар, оңтүстік қазақстан қазба байлықтары самые высокооплачиваемые
    актрисы, самые высокооплачиваемые актрисы 2023
    лагерь рекорд александров, когда и где была построена первая железная дорога қазақтың жеті кереметі тәрбие сағаты, қазақстанның табиғат кереметтері

    My website мектеп парламентінің жұмысы

  2. аватар
    Louvenia 16 октября 2024 09:24

    посмотреть результаты анализов по
    номеру заказа, как узнать результаты анализов по коду он сегіз жас қиылған қас, 18 жас олен трек
    шина для розеток, трековые розетки отзывы forsining часы инструкция, часы nektom инструкция на русском

    Also visit my page: когамдык денсаулык сактау

  3. аватар
    Dakota 4 ноября 2024 20:52

    это вид договора при котором стороны
    не вступая в трудовые отношения
    определяют результат работы как
    заработа дома 2 ценыть деньги на биткоинах без вложений стоимость деревянных работ в частном доме подработка в коммунарке в выходные

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.