Ақтөбедегі түзеу мекемесінде алғаш рет «Жұмыс беруші күні» атап өтілді

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде алғаш рет «Жұмыс беруші күні» атап өтілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің жанында Ақтөбе көпсалалы колледжінде «15 қараша - Жұмыс беруші күніне» орай түзеу мекемесінің әкімшілігіне алғыстар айтылып, марапаттаулар болды.

Ауқымды да, маңызды шараға колледж ұжымы, мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, колледж директоры Ахмет Аманкулов қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтады.

Iс-шарада мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Қанат Мақатов «Қазақстан Республикасы  оқу-ағарту министрінің» алғыс хатымен, мекеме бастығының жалпы сұрақтары және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Асқар Кубайдуллин Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысынан алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша  бөлім бастығы әділет майоры  Жеңіс Сарин, бөлім инспекторы әділет аға лейтенанты Тұрғанбек Бақшақбаев және аға инспектор әділет капитаны Акмарал Досанова колледж директорының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кету керек, №8 түзеу мекемесінің әкімшілігі мекеме жанындағы көпсалалы колледжде білім алушы сотталған-студенттерге іс- тәжірибеден өту үшін арнайы орын бөлуде. Сондай- ақ, колледжден толық білім және тәжірибе жинақтаған сотталғандарды мекеме жанындағы өндіріс цехтарына ақылы жұмыстарға орналастырып келеді.

Гүлфайруз Төремұратова,

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

40 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.