Петропавлда 21 жастағы қала тұрғыны синтетикалық есірткілерді сатты деген күдікке ілінді
Петропавлда полицейлер синтетикалық есірткілерді сатты деген күдікпен ұсталған 21 жастағы қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс материалдарын сотқа жіберді. Ол ақпан айының басында ұсталған болатын, одан «тұз» деп аталатын психотроптық зат салынған 8 полимерлік түйіншек тәркіленді. Алынған заттың салмағы 4,81 грамм, бұл аса ірі көлемге жатады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғанның синтетикалық есірткілерді сататын интернет-дүкенге қатысы бары анықталды. Қазіргі уақытта ол күзетпен қамауға алынды.
«Нашақорлық пен есірткі бизнесі жастардың тағдырына балта шабады, - дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Ұсталған 2018 жылдан наркологиялық есепте тұр, мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылды, істі болған. 2019 жылы ата-ана құқығынан айырылды, сол кезден баласын қайтарып алуға әрекет жасамаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген».
Жыл басынан СҚО полицейлері есірткі сатудың 14 фактісін тіркеді. Заңсыз айналымнан 16 килограмнан астам түрлі есірткі заты алынды.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
31 пікір