Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығы Ержан Саденов халықпен есептік кездесуін өткізді
Елорда тұрғындары онлайн-режимде сұрақтарын тікелей қойып, өтініш және ұсыныстарымен жүгінді.
Ведомство басшысы өз баяндамасын өткен жылдың жұмысын қорытындылаудан бастады.
Пандемияға қарамастан қоғамдық тәртіпті күзету, қылмыстың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігі ең басты басымдықтардың бірі болып қала береді.
«2020 жылы қылмыс саны 5 670-ке төмендеді, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық саны азайды. Бірақ, отбасылық-тұрмыстық салада құқықбұзушылықтардың саны артты. Бұл құқықбұзушылықтар көп жағдайда жасырын сипатқа ие. Қауіп-қатерден немесе қоғамдық талқылаудан қорқып, құқықбұзушылық құрбандары көбінесе үн-түнсіз қалып, кей кездері салдары ауыр болады. Өткен жылы 7 адам қайтыс болды және 50-ге жуығы дене жарақатын алды. Отбасылық жанжалқорға қатысты 8 мыңға жуық қорғау ұйғарымы шығарылды. Құқық бұзушының мінез-құлқына қатысты 253 ерекше талаптар белгіленді. Отбасылық-тұрмыстық қылмысты алдын алуды кешенді түрде жүргізу қажет»- деді Ержан Саденов.
Есеп беру кездесуіне ПИК және қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері, елорда тұрғындары қатысты. Егер де олар зорлық-зомбылықтың, балаларды ұрып-соғудың куәсі болған немесе күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда шұғыл түрде полицияға жүгіну қажеттілігі айтылды. Департамент бастығы қоғамдық тәртіпті күзетуге белсене қатысқан азаматтарды ерекше атап өтті. Тұрғындардың немқұрайлық танытпауы құқықбұзушылықтың алдын алуға талай көмегін тигізді.
Азаматтардың хабарламаларына шұғыл әрекет ету үшін ағымдағы жылғы 1 ақпаннан бастап «102» мобильді қосымшасы іске қосылды.
Сонымен қатар, карантин кезінде интернет-алаяқтықтың саны артты. 592 факті ашылды, 97 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Тұрғындармен кездесуде Департамент бастығы қоғаммен өзара іс-қимыл жасасуды, полиция қызметінің ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз етуді, сервистік модельге көшуді ведомство жұмысының басты бағыттарының бірі ретінде атап өтті.
«Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Полиция департаменті басшылығымен апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізіледі, ол жерде проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылданады. Сервистік полицияны дамытудағы тағы бір қадамдардың бірі заңнамаға түзетулер енгізу болып табылады, ол өз кезегінде жүргізушілерге өздерімен бірге жүргізуші куәлігі және техникалық құжатты алып жүрмеуіне мүмкіндік береді. Жеке куәлігін көрсету жеткілікті, ол бойынша полиция қызметкері планшет арқылы қажетті құжаттарды тексере алады»,- деп атап өтті Ержан Саденов.
Баяндама аяқталғаннан кейін Полиция департаменті бастығы азаматтардан келіп түскен барлық сұрақтарды тыңдады. Тұрғындар уақытша тіркеу, жол қауіпсіздігі, қосымша бағдаршамдар орнату, сондай-ақ, пәтерді заңсыз тапсыру, тыныштықты бұзу және қоғамдық орындарда темекі тұтыну секілді проблемаларды көтерді. Бұдан басқа, учаскелік полиция инспекторларының атына тұрғындардан алғыс сөздер келіп түсті.
1,5 сағатқа созылған кездесу соңында Ержан Саденов белсене қатысқаны үшін барлық азаматтарға алғыс білдірді және қамтылмай қалған сұрақтардың барлығына жауап жолданатынын атап өтті.
Кездесу барысында барлығы 50 сұрақ келіп түсті.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
31 пікір