Сарысу АПБ бастығы тікелей эфирдегі онлайн-режимде есеп берді.
Сарысу ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Асхат Алметов ағымдағы жылдың 11 айында атқарылған жұмыстар туралы онлайн-режимде есеп берді.
Есепті кезеңде Сарысу ауданында 151 қылмыс дерегі тіркелген, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 35,2% - ға төмен. Аймақтағы мал ұрлау, тонау және ұялы телефон ұрлау деректері де екі есе азайған, мас күйінде жасалған қылмыстар саны - 40,3% - ға және қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 19,4% - ға төмендегені де эфир барысында айтылды.
А.Алметов атап өткендей, бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Осы мақсатта алдын алу жұмыстары күшейтілді, түрлі құқық бұзушылықтар үшін 3942 әкімшілік хаттама толтырылды, өсім- 70,4%.
Осы жұмыстың нәтижесінде жол апаттарында жарақат алған және қайтыс болғандар саны 52% - ға азайды. "Нөлдік төзімділік" аясында 2312 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу үшін 295 қорғау нұсқамасы берілді.
Өз баяндамасын аяқтаған соң Сарысу АПБ бастығы Асхат Алметов онлайн-режимдегі эфирге қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берді.
Мұндай тікелей эфирдегі есеп берулер тұрақты негізде өткізілетін болады.
[xfvalue_img]
1 пікір