Тараздықтарда полицияға жүгінудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды
Жамбыл облысының тұрғындарында полицияға жүгінудің жаңа мүмкіндіктері пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының Полиция басқармасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтың төрағалығымен қорытынды жедел кеңес өтті, онда қала полициясының 2020 жылғы жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.
Алғашқы сөзді Жамбыл облысының ПД Штаб бастығы полиция подполковнигі Алмаз Байжарасов баяндама жасады, ол қалада қылмыстардың саны 40% – ға,яғни қоғамдық орындарда қылмыстық құқық бұзушылықтар, сондай-ақ тонау, қарақшылық, бұзақылық және ұрлық сияқты қылмыстар санының қысқарғанын атап өтті. Бұрын сотталған кәмелетке толмағандар жасаған, сондай-ақ мас күйінде жасалған қылмыстардың саны айтарлықтай қысқарғаны сөз болды.
Баяндамадан кейін А.К. Байжарасов атқарылған жұмыс туралы есеп берді Тараз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Жұмахан Анапиев, Тараз қаласы ПБ 1-ПБ және 2-ПБ бастықтары Болат Нұрсейітов пен Бейбіт Налеков атқарылған жұмыстар жөнінде айтып өтті.
Қалалық полиция бөлімдерінің жедел-қызметтік жұмысы туралы қорытынды есептерді тыңдаған Полиция департаментінің бастығы Ж.Сүлейменов учаскелік полиция инспекторларының жұмысына ерекше назар аударды. Ол қаланың учаскелік полиция пункттерінің аға учаскелік инспекторларымен әңгімелесті, олардың аумағындағы жедел жағдай туралы, сондай-ақ тұрғындар жүгінетін проблемалар туралы хабардар болды.
Жанат Қуанышұлы, сондай-ақ, жеке құрамға 2021 жылға, халықтың көп шоғырланған жерлерінде орналасатын модульдік үлгідегі қазіргі заманғы стационарлық бекеттердің жоспарланған құрылысы туралы жеткізді. Стационарлық бекеттерде ішінде де, сыртында да тәулік бойы бейнебақылау жүргізілетін болады. Камералардан бейнесурет онлайн режимінде Тараз қаласы ПБ Жедел басқару орталығына шығарылатын болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларын бейнетіркегіштермен және планшеттермен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жедел кеңес соңында Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов жедел-қызметтік іс-әрекет көрсеткіштерін жақсарту және халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.
Сонымен қатар, Жанат Қуанышұлы “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында “102”мобильді қосымшасы іске қосылатынын атап өтті. Осы қосымшаның көмегімен азаматтар полицияға кез-келген құқық бұзушылық туралы хабарлама жібере алады, ішкі істер органдарына, оның ішінде жеке қауіпсіздік қызметіне өтініш бере алады. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап “102” мобильді қосымшасын PlayMarket және AppStore-дан жүктеуге болады.
Ал қоғамдық орындар мен көшелерде полицияның “SOS батырмасы” шұғыл шақыру құрылғысы орнатылады. Осы дабыл батырмасын басу арқылы полицияға хабарласуға немесе қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабарлауға болады. Мұндай алаңдар “қадамдық қолжетімділік” қағидаты бойынша полиция жұмысының негізі болып табылады.
– Бұл жаңашылдықтардың барлығын облысымыздың әрбір азаматына жеткізу қажет, – деп тапсырды Жамбыл облысының бас полицейі. Жедел кеңестен кейін Полиция департаментінің бастығы Тараз қаласы ПБ № бес учаскелік полиция пунктіне барып, қызметтік үй-жайды қарап, әкімшілік аумақтағы криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы есепті тыңдады, учаскенің паспортын зерделеді, келіп түскен өтініштер туралы ақпаратпен танысты. – Бүгінгі таңда учаскелік полиция инспекторларының жұмысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Олардан тек өз жұмысын жауапкершілікпен орындау және әкімшілік учаске тұрғындарымен тығыз өзара іс – қимыл жасау талап етіледі,-деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Ж. Сүлейменов.
[xfvalue_img]