Жаңа технология жұмыстың тиімділігін арттырып келуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Ақпараттық технологияларды сот жүйесіне белсенді енгізу бағдарламасы қабылданардан бұрын іске асырыла бастаған болатын. Соттар заманауи технологиялармен қарқынды жабдықталып, бүгінде қол жеткізген жетістіктерде көп.

Бүгінде еліміздің сот жүйесін сандық жүйеге көшіру, сот процестеріне қашықтықтан қатысу, ІТ құралдарды кеңінен қолдану күн тәртібінен түскен емес.

Қауіпті індетке қарамастан сот жұмысын тежемей, ІТ-сервистерді қолдану арқылы сапалы жұмыс атқардық. Қазіргі таңда талап арыздар электронды форматта қабылданып, сот отырыстарының түрлі бағдарлама көмегімен қашықтан үздіксіз өткізілуі қуантады. Тіпті «Сот кабинеті» сервисінде онлайн-татуласудың жаңа функциясы енгізіліп, медиация рәсімін жүргізуге онлайн-өтінім жолдау және қажетті құжатты тіркеу мүмкіндігі ұсынылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы» екенін атап  өтті. Шын мәнінде, сандық технологиялар сот қызметінің сапасын жақсартып, халықтың сот төрелігіне деген қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

Сондай-ақ Елбасы азаматтық сот ісін жүргізуді жаңғыртуды, медиация туралы отандық заңнаманы халықаралық стандарттармен сәйкестендіру керектігін, Қазақстан судьялар корпусының кәсібилігін арттыруды тапсырып, «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз – дәл сондай қоғам құру», - деген болатын. Елбасы тарапынан айтылған бұл тапсырмалар дер кезінде оырндалып, еліміздің сот жүйесінде өз жемісін беруде.

Жаңақала аудандық сотында соңғы жылдары сот істерін жүргізуде жаңа технологияларды пайдалану жұмыстары қарқынды түрде қолға алынып, жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Жаңа электронды технологияларды енгізу сот арқылы қорғалуға қолжетімділік елеулі түрде жеңілдетіліп, оңтайландырылды. Қазіргі кезде талап-арыздар да, сотқа келіп жатқан істер де 100 пайыз автоматты түрде қабылданып, «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізіліп жатыр. Сотқа жүгінуші азаматтар бұрынғыдай сот табалдырығын тоздырмай, кез келген өзіңе ыңғайлы уақытта интернет жүйесі арқылы өздерінің істерінің қандай сатыға келгенін, қарау тәртібін, азаматтық істер бойынша жүргізілген дыбыс-бейне жазбамен танысуға мүмкіндіктері бар.

Бүгінгі күні сот залдары толықтай жазба құрылғыларымен жабдықталған. Бұл құрылғы процесте туындайтын даулы мәселелерді шешуге, істің мән-жайын дұрыс анықтауға, тараптарды тәртіпті сақтауға шақыруға көп көмегін тигізуде. Ақпараттық технологияларды енгізу судьялардың және сот мамандарының жұмысын көп жеңілдетті, енді хатшылар бұрынғыдай орасан зор көлемде сот отырысының жазбаша хаттамаларын әзірлеуден босатылды. Сот жұмысында адами фактор барынша азайтылып, сот жүйесінің азаматтар үшін ашықтығы қамтамасыз етілді. Кез келген іске қатысушылар сот отырысының хаттамасымен оның цифрлық көшірмелерін ала отырып танысады. Азаматтар сот шешімдерін де сот кабинетінен қарап, көшірмесіне қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар қазір «Смарт сот» жүйесі белсенді қолданылуда. Азаматтар сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, «True Con», «Watsapp» бағдарламасын қондыра отырып, өз смартфонымен виртуалды түрде сот отырысына қатыса алады.

Сондықтан сот жүйесін цтфрландыруды одан әрі жалғастыру аса маңызды, ол сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдете түседі. Нақтырақ айтқанда, бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Еліміздің халқы үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді. 

А.Рысқалиева

Жаңақала аудандық соты кеңсесінің бас маманы

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.