Аудан прокуроры есептегі азаматтарды қабылдады
Жаңақорған ауданының прокуроры Әбіш Дарын Елтайұлы аудандық пробация есебінде тұратын азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болғандардың сұрақтары негізінен рақымшылық туралы, несие алу бойынша, соттылығының жойылуы тұрғысында болды. Қабылдау барысында аудан прокуроры осы азаматтарға ҚР Үкіметінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес түсіндірме жүргізді. Сонымен қоса есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайын, еңбекпен қамтылған-қамтылмағанын, тұрғылықты жерінің бар - жоғын , сондай-ақ өмір жағдайын зерделеп , қайта қылмыс жасамау керектігін , қылмыстың өтеуі-жаза екенін түсіндіріп, «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлы атамыздың ұлағатты сөзімен қабылдауды аяқтады.
Жаңақорған аудандық пробация қызметі
[xfvalue_img]
19 пікір