Жамбылдық полицейлер шығыстың атақты ғұламасына құрмет көрсетуде
Жамбылдық полицейлер шығыстың атақты ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабиге құрмет көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкерлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 26 тамыздағы “Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы” № 133 Жарлығын орындау мақсатында, осы тарихи датаны атап өтуге арналған бейнеролик әзірледі.
Жас полиция қызметкерлері Полиция департаментінің жауынгерлік және еңбек даңқы музейінде шығыс ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, Аристотельден кейінгі ғұлама ойшыл, ақын, философ, “әлемнің екінші ұстазы” атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің түрлі тақырыптағы өлеңдерін мемлекеттік тілде мәнерлеп оқыды.
Қазіргі таңда жаңа дәуір тұлғасының бойында тарихи сананы, Отанға және өз жеріне деген сүйіспеншілікті жаңғырту үшін шынайы патриотизм рухында тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруға ықпал ететін әл – Фарабидің мұрасының өзектілігін, ілімдерінің рухани-адамгершілік әлеуетін кеңінен насихаттау қажет.
Осы тұрғыда Жамбыл облысының Полиция департаменті жас буын офицерлердің болмысында патриоттық құндылықтарды, көзқарасын, сенімдерін және Қазақстанның мәдени мұрасына және тарихи өткеніне ілтипат көрсетуде ізгілік дағдырларды қалыптастыруға үлкен мән береді.
[xfvalue_img]