Алкоголь өнімін тыйым салынған уақытта сатқаны үшін 40 АЕК айыппұл
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері алкоголь өнімдерін өткізуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуды анықтау бойынша локальдік-рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.
«Учаске» ЖПІШ шеңберінде учаскелік инспектор өз әкімшілік учаскесін аралау барысында елорданың 39 жастағы тұрғынына тыйым салынған уақытта алкоголь өнімін өткізу фактісін анықтады.
Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін супермаркеттің иесіне қатысты ӘҚБтК 200-бабы 3-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен азамат алкоголь өнімін бөлшек сауда арқылы өткізуге лицензияның қолданысын 1 ай мерзімге тоқтата тұрып, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ӘҚБтК 200-бабы бойынша (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) 300-ге жуық фактіні анықтады.
Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ әуе жолаушылар кемесінде, теңіз көлігі жолаушылар кемесінде, жолаушылар пойызының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн
сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]