Жаңақала аудандық сотында қылмыстық істерді тараптардың татуласуымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қысқарту мәселелері талқыланды
Онлайн режимде өткен мәжіліске Жаңақала аудандық сотының төрағасы С.Есжанов, аудандық прокуратурасының және полиция басқармасының өкілдері және медиатор, адвокат қатысты.
С.Есжанов қылмыстық істер бойынша татуластыру рәсімдерін мейлінші қолданудың өзектілігіне тоқталып, аталмыш мәселе Жоғарғы Сот басшылығымен күн тәртібіне қойылып отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар, татуласу арқылы қысқартуға жататын қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеу органдары көп жағдайда тергеу барысында аяқтаудың заңды әдістерін қолданбай сотқа жолдап, тараптарды әуре-сарсаңға салатындарына алаңдаушылық білдірді. Оның ішінде, мұндай істерді сотқа жібермей, қылмыстық қудалау органдарына сотқа дейінгі өндіріс сатысында, күдікті мен жәбірленушінің құқықтарын түсіндіріп, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64 және 71 баптарын кеңінен қолдану туралы ақпарат беру қажеттілігін жеткізді. Сот төрағасы ендігі уақытта мұндай жағдайлар бойынша жауапты органдардың тарапына жекеше қаулылар шығарылады деді.
Медиаторлар тергеу барысында онлайн режимде татуласу рәсімдерін өткізуге болатынын айтып, соның жолдарын дамытуға ұсыныс білдірді.
Құқық қорғау органдарының өкілдері алдағы уақытта айтылған ұсыныс – пікірлерді іс жүзінде іске асыруға уағдаласты.
Жаңақала аудандық баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]