Медиация  тараптар арасындағы -дауды шешу  рәсімі

Медиация тараптар арасындағы -дауды шешу рәсімі

Туындаған  дауды  шешудің  ең  жақсы  тәсілі  даудан жалтару екені белгілі.

      Мемлекетіміз  азаматтардың  жағдайына  алаңдаушылық  білдіріп,  дауды шешудің  баламалы  тәсілдерін  заңнамалық  деңгейде бекітті, соның бірі  медиация  болып табылады.

       Дауды шешу үшін  делдалдарға  жүгіну  «Соңғы уақытта ойлап табылған  құбылыс емес, мұның  тарихи  және мәдени  түр-тамыры  тереңде жатыр. Зерттеушілердің болжауынша дауды мұндай тәсілмен  реттеу мемлекеттің сот төрелігіне  әкелді  және қоғаммен бірге пайда болды, ол кезде  әлеуметтік  жанжалдарды қоғамның  беделдірек мүшелері шешіп отырған.

     Медияция  заманауи бағытта  XX- ғасырдың   екінші  жартысында  дами бастады. Ең алдымен англо-саксондық құқық орнаған елдерде –АҚШ, Австралия, Ұлыбритания содан соң  Еуропаға  да тарады. Алғашқыда медияция  жергілікті   қоғамдастықтардағы  даулардан  бастап  коммерциялық   және  залалдың   орнын толтыру  болды.

         Қазақстан Республикасы  Жоғарғы  Сотының төрағасы Ж.К.Асановтың 2018 жылғы 14 мамырдағы  өкімінің негізінде   азаматтық істерді қарау  барысында  «Соттағы  татуласу  рәсімдері»   пилоттық жобасы  іске асырылуда.

      Пилоттық   жоба  процестік  әрекеттердің Алгоритмі  бойынша  жүргізілуде, оған   сәйкес  талап арызды  қабылдауға  негіздер болған  жағдайда судья бес жұмыс  күні өткенге дейін, яғни  талап  қоюды  соттың  іс жүргізуіне  қабылданғанға  және азаматтық  істі  қозғағанға дейін  тараптарды  татуласу  рәсіміне  қатысуға шақырады.  Татуласу  рәсіміне қатысуға   келіскен   және  шақырту  бойынша  келген тараптар өз бітімен татуласу  рәсімінің  түрін  тандайды  және бұл жөнінде өтінішхатта көрсетеді.     Өтінішхат   хат  түскенен  кейін  судья  азаматтық  істі  қозғау, істі   сот  талқылауына  дайындау , тараптың  өтінішхаты  болған  жағыдайда  қамтамасыз  ету  шараларын  қабылдау туралы  ұйғарым  шығарды  және татуласу рәсімін  өткізеді.

       Пилоттық жобаны енгізгеннің арқасында  соттың жұмыс  ауыртпалығы  едәуір азайды, талапкерлер төлеген мемлекттік баж  қайтарылуда,  бұл азаматтар мен заңды  тұлғаларды  дауды бітім жолмен шешуге  ынталандырады, даулар  тез арада  шешімін  табуда,  бұны тараптар  жобаның  басты  артықшылығы  ретінде танып отыр.

      Қазіргі  таңда     Шыңғырлау  аудандық  сотынды  азаматтық   істер бойынша  10  талап  арыз , оның  ішінде  5   неке бұзу талап арызы ,  5  талап   арыз   қарыз   соммасын   өндіру   татуласу  рәсіміне   келді.

      «Соттағы  татуласу рәсімдері» жобасы  дауды қысқа мерзімде шешуде  өтімді тәсіл  және соттан  тыс медиацияны дамыту үшін бетке ұстар үлгі болып  табылады.

 

Г.А.Вагапова

Шыңғырлау  аудандық  сотының

Бас маманы сот отырысының  хатшысы             

  

   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.