Батыс Қазақстан облыстық сот корпусындағы кадрлық өзгерістер
Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Рустем Мырзакәрім жалпы отырыс барысында ұжымға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындпау және қызметтен босату туралы» 21.10.2020ж. № 440 Жарлығымен Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының судьясы қызметіне Исатай Сматов және Бөрлі аудандық сотының төрағасы қызметіне Серік Мыңбаев тағайындалды.
Облыстық соттың төрағасы оларды құттықтап, судья лауазымындағы қызметтеріне сәттілік тіледі, борышына адал болып, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау жолында сот төрелігін әділ іске асыруды, судьялар корпусының лайықты мүшелері болуды тіледі.
Р.Мырзакәрім бүгінгі таңда судьялардың алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика судьялардың VIІІ Съезінде айқындаған міндеттерді іске асыру міндеті тұрғандығын атап өтті.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]