ШҚО да тағы бір бюджет қаражатын ұрлау фактісі ашылды
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірге «Қазына» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджет қаражатын жымқырудың тағы бір фактісі анықтады.
2019 жылы бағдарламаға қатысушы Түркістан облысының 4 азаматы ШҚО-на көшу ниеттері жоқ бола тұра, Тарбағатай ауданының Еңбекпен қамту орталығына жалған құжаттар, атап айтқанда Тарбағатай ауданында тұрғын үйлерді сатып алу туралы ниет шарттарын ұсынған. Сатып алу туралы ниет шарты нотариалды түрде ресімделген тұрғын үй иелері өздерінің үйлерін сатқандарын теріске шығарып отыр.
Ерікті түрде көшулері үшін ақша қаражаттары есеп шоттарына түскеннен кейін, олар көшіп келу бағдарламасының талаптарын сақтамастан бұрынғы тұрғылықты жерлеріне Түкістан облысына көшіп кеткен.
Қазіргі уақытта бюджет қаражатын талан таражға салу фактісі бойынша ҚР ҚК 189 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
[xfvalue_img]
26 пікір