Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы Жамбыл облысы полициясының бақылауында.
А.ж. 12-18 қазаны кезеңінде облыстың ювеналдық полициясының қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шараларды өткізді, оның барысында қаңғыбастығы үшін ІІО-на 121 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде 9 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Әкімшілік жауапкершілікке 270 ата-ана және басқа да ересек тұлғалар тартылды. оның ішінде:
- заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеу бойынша міндетін орындамағаны үшін - 2 ата-ана;
- 26 кәмелетке толмағанның түнгі мезгілде көңіл-көтеру орындарында болуына жол бергені үшін 11 кафе-бар және мейрамхана иелері жауапқа тартылды;
- ҚР-ның алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны және темекі мен темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін, 5 дүкен иесі жауапқа тартылды;
- 26 кәмелетке толмағанның көңіл көтеру орындарында болғаны және 95 жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын-үйден тыс жерде болғаны үшін 121 заңды өкіл жауапқа тартылды;
одан басқа ҚР ӘҚБтК-тің басқа баптары бойынша 131 хаттама толтырылды.
ІІО-ның есебіне 6 кәмелетке толмаған, сондай-ақ 3 жайсыз отбасы қойылды.
"Жасөспірімдер қылмыстылығының профилактикасы ПД ЖПҚБ басшылығының әрдайым ерекше бақылауында. Осы топтың күнделікті жұмысы қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастырып, сондай-ақ кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау және оларды ескерту мүмкін етуде" - деп қорытты ПД ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция подполковнигі Нүркен Абдуллин.
[xfvalue_img]