5 миллион теңгенің дауы татуласу арқылы шешілді
Орал қаласының №2 сотына талап қоюшы-жеке кәсіпкер жауапкерден берешекті өндіріп алу туралы талабымен жүгінді.
Сот тараптар арасында құрылыс-жөндеу жұмыстарына шарт жасалғанын анықтады. Талап қоюшы осы аталған жұмыстарды жүргізуге және тапсыруға, ал жауапкер шартта белгіленген мерзімде оның құны үшін ақы төлеуге міндеттенген болатын.
Талап қоюшының жауапкерден бір ерекшелігі қабылданған міндеттемелерді орындаған. Осыған байланысты жауапкер талап қоюшыға 5 160 738 теңгеге қарыз болды.
Істі сот талқылауына дайындау барысында татуластырушы-судья тараптарға бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып дауды шешуді ұсынып, медиативтік келісімді жасасу тәртібін, оның салдары мен артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынды. Жауапкер оның шарттары бойынша жеке кәсіпкердің 5 160 738 теңге мөлшерінде қойған талабын мойындап, осы соманы бір күн ішінде төлеуге міндеттенді және АҚ талап қою арызынан бас тартты.
51 608 теңге мөлшеріндегі мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылды.
Сот келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 соты кеңсесінің бас маманы
[xfvalue_img]