ДАУ МҰРАТҚА ЖЕТКІЗБЕЙДІ

ДАУ МҰРАТҚА ЖЕТКІЗБЕЙДІ

 

Қазақ – ежелден сөзге тоқтап, сөз қадірін білген, адалдығын жоғалтпаған халық.  Осындай атадан балаға мирас болып сақталған қасиеттеріміз бола тұра, кейде сана­мыздың улануы ма, әлде басқа да жағдайлардың әсері ме, тұрғындардың кейбірі дауға құмар болып барады. Ал сот жүйесінде «Медиация туралы» заң енгізілгелі бері, дау-дамайдың дені татуласу рәсімімен аяқталуда. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері азаматтық істердің 192-сі тараптардың татуласуымен аяқталды. Оның 67-сі бойынша тараптар медиацияның көмегіне жүгінсе, 124 іс бітімгершілік келісімнің, біреуі парсипативті келісімнің арқасында дау-жанжал өршімеді. Сондай-ақ қоғамдық жанжалдарды реттеу мақсатындағы медиация кабинетінде 31 іс татуласумен, 22 іс бітімгершілік келісіммен тәмамдалды.

Дауларды шешуде медиацияның тиімділігі туралы жиі айтылып келеді. Медиация кабинеті көшпелі отырыстар ұйымдастырып, тұрғындардың арыз-шағындарын сотқа дейін қарайтын  отырыстарға қатысып келеді. Айта кетсек, қыркүйек айында татуластырушы-судия Н. Сейдахметова «Адам және Заң» газетіне «Соттасуға асықпаңыз» мақаласын жариялап, жергілікті «Талап» радиосында «Медиация – дауды шешудің альтернативті тәсілі»  тақырыбында ақыл-кеңесін жеткізді.  Орал қаласындағы татуласу орталығының да жұмысы жүйелі жүріп, өңір тұрғындарының пайдасына жарауда.

Татуласудың көптеген жағдайында талапкердің бұзылған құқықтары сотқа жүгінген уақыттан бастап екі апта ішінде қалпына келтірілуде. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі өзегі – ұлттық сана мен болмысқа қайта оралу екенін айтқым келеді. Ал бүгінгі қозғалып отырған өзара татуласу, ауыл-үйдің әңгімесін сотқа дейін жеткізбеу мәселесі де осы рухани жаңғырудың бір тармағы. Біз қазақтың төл болмысындағы «ұят болады», «ағайынның азары болса да, безері жоқ» деген қасиеттерімізді жоғалту алдында тұрмыз. Ағайынды адамдардың соттасып, төбелесіп отырғанын көргенде, қазақтың «алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген аталы сөзі еріксіз ойға оралады. Сондықтан елімізде белең  алып бара жатқан дауласушылықты болдырмау мақсатында бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарып, жалпы халықтық дертпен күресетін кез келді деп санаймын.

Бақтияр ЖОРАБАЕВ

БҚО МАЭСотының судьясы                                    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.