Қызылордалық сотталған омарташылық кәсіппен айналысуда
Шиелі аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын Р есімді азамат омарташылық кәсібін ашты. Ол омарташылық кәсіпті бала кезінен армандаған. Ойлаған мақсатымды жүзеге асыру үшін жоспарлар құрдым. Абай атамыздың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегіңмен ақылың екі жақтап» деген өлең жолдары мені ширатты.
Соның нәтижесінде, жуырда ол жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында мемлекет тарапынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 553 000 теңге қайтарымсыз грантын ұтып алды.Қаражатқа бал арасы мен араның он бес ұясын сатып алды.
«Бал арасын өсіру оңай емес. Бұл жұмыс шыдамдылықты, тиянақтылықты қажет етеді.Алдағы көктемде омартаны айналасында гүлдер мен шөп өскен далалық аумақтарға шоғырландырамын. Бал аралары бал тарта алатындай болуы тиіс. Бұл кәсіппен айналысу менің арманым еді. Мен сияқты жұмысын енді бастаған адамдарға қайтарымсыз гранттар көп көмеген тигізеді. Бізді қоғамнан сотталған деп бөлмей, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, көмектер беріліп жатыр. Өз кәсібімді ашуыма әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетіп, іс-құжаттарымды тиісті органға жолдап, жөн көрсеткен аудандық пробация қызметкерлеріне алғыс айтамын»- деді пробация есебіндегі омарташы.
Шиелі аудандық пробация қызметі
[xfvalue_img]