АНТИКОР: ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ БОЛУ КЕРЕК
Көкшетау қаласында «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратының алаңында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау сапасына жария және ашық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы жол-адалдық алаңы» жобасы шеңберінде өзара іс-қимыл бойынша кездесу өткізді.
Кеңеске облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, аумақтық Көліктік бақылау инспекциясының, облыстық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің, Жол активтері сапасы ұлттық орталығының өңірлік филиалының және «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылығы қатысты.
Іс-шара барысында жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасы, автомобиль көлігі саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, сондай-ақ өңірдің автожолдарын салу, реконструкциялау және жөндеудің барлық кезеңдерінде қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері талқыланды.
«Жол инфрақұрылымын дамытуға мемлекет жыл сайын көп қаражат бөледі. Алайда, жолдардың жетілмегендігі бүгінгі күннің өткір және өзекті тақырыптарының бірі болып қала береді. Өйткені, сапасыз жолдар - бұл ел экономикасына зиян ғана емес, сонымен бірге адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Сондықтан, міндетті түрде азаматтық қоғамның қатысуымен жолдардың сапасын бақылауға жүйелі көзқарас қажет», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев өз сөзінде.
Кездесуге қатысушылар жол жүйесін жетілдіру және өңірдің автожолдарын ұзақ мерзімді пайдалану мақсатында жоба шеңберінде ынтымақтастыққа және мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасында тиісті келісімдер жасасуға дайын екендіктерін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК өткен жылдың маусым айынан бастап «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасын ұсынған болатын, оның аясында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалымен және қоғам өкілдерімен бірлесіп өңірдегі автожолдардың сапасына мониторинг жүргізуде.
Жұмыс тобы Степногорск және Көкшетау қалаларына, сондай-ақ Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Целиноград және Біржан сал аудандарына шығуды жүзеге асырды, онда республикалық және жергілікті маңызы бар 24 автожолдың құрылысы мен жөнделуіне сараптама жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша тапсырыс берушілер мен мердігерлердің атына анықталған ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдау туралы хаттар жолданды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті
[xfvalue_img]
27 пікір