Қазақстанның болашағы-мемлекеттік тілінде

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері қазақ тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Осының арқасында қазақ тілі дамып, оның қоғамдық маңыздылығы арта түсті.  

Тіл - бабаларымыздың ұрпаққа қалдырған мұрасы, аманаты, бүгінгі күннің мерейі, ертеңгі күннің кепілі. Өз ана тіліміздің қадірін білу, өз тілімізде дұрыс сөйлей білу әрбір қазақ баласының басты міндеті.

         Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді қолданудың айналасындағы айтыс-тартыстар мен көптеген пікірлер осы уақытқа дейін толастамай келеді. Өйткені, тіл мәселесі –елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселелерінің бірі.

         Тәуелсіз еліміздің көп ұлтты мемлекет екені белгілі. Сондықтан, Ата Заңымыз-Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатындығы атап көрсетілген. Мұны егер қажеттілік болған жағдайда ғана ресми түрде қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылады деп ұғынғанымыз абзал.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек... Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтар өкілдерінің ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыруымыз қажет» деп атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, дамуы мен жетілуіне жан-жақты қамқор жасау бүгінгі күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселелердің бірі. Осындай мемлекеттік маңызды мәселені жүзеге асыру үшін арнайы қабылдаған бағдарлама мен іс-шараларды тұрақты түрде жүргізу, күнделікті жұмыс барысында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәрімізге ортақ міндет.

Мемлекеттік тіл саясаты-мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі. Жалпы сот бойынша іс-қағаздарына мемлекеттік тілде жүргізу көрсеткішіне кіріс құжаттарының үлесі әсер етеді. Себебі, кез келген істің қай тілде қаралып,тергелуі тікелей шағымданушыға байланысты. Ол тапсырған арыз тілі- іс жүргізу тілі болып табылады.

Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тіл Қазақстан Республикасында тұратын таза ниеті бар әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру бәріміздің азаматтық борышымыз. Олай болса мемлекеттік тіліміздің мәртебесі биік болсын дей келе, дамуына өз үлесімізді қосуға шақырамын.

 Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Р. Ақпар

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.